
Аудандық білім беру бөлімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде мүдделі мемлекеттік органдармен (төтенше жағдай, полиция, құқық қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық) бірлескен зерделеу тобын құрып, меншік түріне қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 14 мемлекеттік, 1 жеке бөбекжай, 12 мектеп-бөбекжай-балабақша кешендеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданның 11 мемлекеттік және 1 жеке бөбекжайында хабарландыру жүйесі, 14 мемлекеттік және 1 жеке бөбекжайда дабыл түймесі, Ақсай қаласының 10 мемлекеттік бөбекжайы ПБ орнатылып, жедел басқару орталығына қосылған және шартта жедел әрекет ету тобының келуі туралы пункт қарастырылған, жұмыс жасап тұр.
Барлық мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдарда цифрлық және аналогтық бейнебақылау камералары (ішкі және сыртқы) орнатылған. Камераларға жаңарту жұмыстары жүргізілген.
26 мемлекеттік және 1 жеке бөбекжайында өрт сөндіргіштер, өрт дабыл автоматтары бар, өрт крандары орнатылған. Барлық мектепке дейінгі ұйымда АПС шарты жасалған. Эвакуациялау жоспарлары бар және бөбекжай басшысымен бекітілген, бөбекжай дәліздерінде ілінген. Өрт қауіпсіздігі белгілерінің жарық индекстеуі барлық мектепке дейінгі ұйымда қосылған.
Аудан бөбекжайлары орталықтандырылған суық сумен жабдықтау жүйелері бар және жарамды, «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен келісім-шарт бойынша жұмыс жасайды, ыстық су әр топқа орнатылған бойлер арқылы беріледі. Жергілікті және жалпы жасанды жарықтандыру жүйелері бар және жарамды. Дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген, дезинфекциялау құралдардың жүкқұжаттары бар. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылға 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының талаптары сақталған. Балалардың бойы мен жасына сәйкес келетін, үшкір шығыңқы жерлері мен кемшіліктері жоқ, су өткізбейтін материалдан бет жабыны бар балалар алаңдары мен спорт алаңы жұмысқа жарамды, толық жабдықталған. Барлық бөбекжайлар қуаттылығына сай. 2021 жылға 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына сәйкес балаларға арналған жиһаздар олардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталған. Барлық мектепке дейінгі ұйымдар балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тиісті деңгейде атқарылған, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау бойынша жұмыстар күшейтіліп, қатаң бақылауға алу ұсынылды.