Бөрлі ауданы бойынша барлығы 24 мектеп бар, онда 9916 оқушы білім алуда, оның ішінде 4397 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. 4297 оқушы 1-4 сынып оқушылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы бойынша санатқа жататын оқушылар саны (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар; білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары) -243, оның ішінде 143-і 5-11 сынып оқушылары.
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2023 жылғы 03 сәуірдегі №312 бұйрығына сәйкес, жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-4 сынып оқушылары үшін тамақтану құны- 575 теңге, жекелеген санаттағы оқушылар үшін 638 теңге болып белгіленді.
Ауданның барлық мектептерінде тамақтану білім беру бөлімімен бекітілген ас мәзірі арқылы ұйымдастырылып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы негізінде білім беру бөлімімен аудан бойынша тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ құрылды. Аталған топ мүшелері жоспарға сәйкес аудан мектептерінің тамақтану сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырады.