БЕС ТАБАН ЖӘНЕ БЕС АСЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН ӨТКЕН АШЫҚ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНДА БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

БЕС ТАБАН ЖӘНЕ БЕС АСЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН ӨТКЕН АШЫҚ ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНДА БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

24-25 қараша күндері Орал қаласында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай БҚО-ның дене шынықтыру пәнінің ұстаздары арасында Бес табан және Бес асық ойындарынан ашық қалалық спартакиадасы өтті. Оған Бөрлі ауданының ерлер және әйелдер командасы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Бөрлі ауданының ерлер командасы I орынға ие болды, команда мүшелері – А.Кабулов (Кеңтүбек ЖОББМ), С.Акбалеев (№5 ЖОББМ), К.Кажгалиев (№4 ЖОББМ), Н.Аймурзиев (№6 МЛ). Ал әйелдер командасы II орынды иеленді. Команда мүшелері – Р.Бекмухамбетова (№6 МЛ), Н.Тимина (№3 ЖОББМ), А.Бактыгереева (№6 МЛ).

Құттықтаймыз!