
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 21 тамыз — 31 қазан аралығында мектеп/студенттік парламент мүшелері арасында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Үздік репортаж» республикалық байқауын ұйымдастырды. Оған Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Бітімбай Айман қатысып, жеңімпаз атанып, жүлделі I орынға ие болды. Айман «Менің мектебім. Кеше және бүгін» тақырыбында репортаж дайындады. Жетекшісі — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыдықов Мейрамбек Тілекқабылұлы.
Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!