
Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес №2 ЖОББМ-нде «Шыңдалған тәжірибе» жобасы аясында «Жаңа әлемге-жаңашыл ұстаз» аудандық семинары өтті. Оған №2 ЖОББМ және магниттік мектептерінің (Ақсай қаласының №5 ЖОББМ, Александров, Қарағанды МББК) педагогтері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш семинар үш бөлімнен тұрды.
«Педагогикалық шеберхана»
«Шығармашылық жолдың бастамасы»
«Педагогикалық festivalis»
Алғашқы кезеңде «Форматирование элементов электронных таблиц», «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Авторға хат», «Сложение и вычитание с числом 6», «А.С.Пушкин «Капитанская дочка. Береги честь смолоду» тақырыптарында ашық сабақтар өтті. «Lesson Study/Action reserch», «Жобаны қалай бастау керек?», «Цифрлық білім беру ресурсы-заманауи оқытудың кілті» шебер сыныптары, сондай-ақ заманауи әдіс-тәсілдерден жәрмеңке ұйымдастырылды.
Ал семинар соңы жас мамандар тобының ұйымдастыруымен қойылған «Мамандығым — мақтанышым» атты көрінісімен қорытындыланды.