
2023-2024 оқу жылында Бөрлі ауданының мектептеріне оқыту тілі қазақша 1, 2-сыныптарға, оқыту тілі орысша 1, 2-сыныптарға арналған «Мектеп» баспасынан 3 дана «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Изобразительное искусство», «Трудовое обучение» электронды оқулығы, «Алматыкітап» баспасынан «Цифрлық сауаттылық», «Цифровая грамотность» электронды оқулығы сатып алынды. Аталмыш электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдалану бойынша 14 қараша күні Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары Габдушев Нұрлан Баймуратовичпен онлайн форматта жиналыс өтті. Осы тақырыпта Бөрлі №1 ЖОББМ директоры Исатай Темешұлы Сатимов өз мектебіндегі электронды оқулықтарды қолданудың тиімді жақтарына тоқталып, артықшылықтарын атап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.