Әкелер форумы өткізілді

Әкелер форумы өткізілді

 

Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінде Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «ӘКЕ АСҚАР ТАУ, БИІК ШЫҢ» тақырыбында аудандық форум өтті.
🔱Аталмыш шара мектептердегі «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған аудан мектептерінде білім алатын оқушылардың әкелері жиналып, бала тәрбиесі, отбасындағы әке көшбасшылығы тақырыптары аясында бала тәрбиесіне қатысты ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
✅Осындай кездесулер балаларды тәрбиелеу ісіндегі әкелердің мәртебесі мен жауапкершілігін жоғарылатып, отбасылық құндылықтардың дамуы мен нығаюына септігін тигізеді деп атап өтті қатысушылар.