Дене шынықтыру сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Дене шынықтыру сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

30 қазан күні Ақсай қаласының №8 ЖОББМ базасында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің «Дене шынықтыру сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Дене шынықтыру және АӘТД пәндерінің әдіскері Р.Бекмухамбетова мұғалімдерді семинар бағдарламасымен таныстырып, сәттілік тіледі. Отырыс барысында Облав МББК-нің мұғалімі А.Темергалиев «Физическая культура-здоровые дети», №4 ЖОББМ-нің мұғалімі Н.Зотова «Взаимодействие урока физической и тренировочного процесса в баскетболе», №8 ЖОББМ-нің мұғалімі М.Уразгалиев «Ойын техникасы және тактикалық әрекет», Ақбұлақ МББК мұғалімі «Қысқа қашықтыққа жүгіру» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, келешекте өзге де семинарлар өткізуді ұсынды.