Бөрлі ауданы I орынға ие болды

Бөрлі ауданы I орынға ие болды

🔰«Тең мүмкіндіктер мектебі» конкурсы

🔷Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 10-қазан күні мектептің педагогикалық және ресурстық әлеуетін арттыру арқылы білім берудегі мүмкіндіктер мен оқушылардың жетістіктеріндегі алшақтықты жою, білім беру көрсеткіштері төмен мектептердегі нәтижелерді жақсарту бойынша аудандық/қалалық бағдарламаларды әзірлеу мақсатында «Тең мүмкіндіктер мектебі» атты әдістемелік кабинеттер арасында облыстық байқау оздырылды. Шара барысында ережеде көрсетілген критерий бойынша әдістемелік кабинет меңгерушілері білім беру нәтижесі төмен мектептердегі білім сапасын арттыру бағытындағы жобалары мен әдістеріне талдау жасап, нәтижесін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Бөрлі аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Тоты Нугманова🥇 I орынға ие болды.

Барша білім беру бөлімінің ұжымы атынан құттықтаймыз!