Республикалық педагогтер съезі

Республикалық педагогтер съезі

🔲4-6 қазан аралығында Астана қаласында «Білім – тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы» атты республикалық педагогтер съезі өткен болатын. Аталмыш шараға ауданымыздың ұстаздары қатысты. Олар: Ақсай қаласының №6 МЛ-нің математика пәнінің мұғалімі Аязбаева Кенжеқыз Васильевна, Ақсай қаласының №3 «Гүлдер» бөбекжайының тәрбиешісі Ельжанова Умит Кайыргалиевна, Бумакөл МББК-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сексенбаева Ақбота Ержанқызы.

🔰5 қазан күні барша ұстаздар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесті. Президентіміз отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақтай отырып, бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму жолында болу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бәсекеге қабілетті балаларды қалыптастыруда басты үміт мұғалімдерге артылады.
Мерекеге орай Астанада өткен алқалы жиын барша ұстаздардың көңіліне қуаныш сыйлап, жаңа белестерді бағындыруға серпін береді деген ойдамыз.