«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі» әдіскердің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі» әдіскердің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі  (мекенжайы: индекс 090303, БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, №80 үй, эл.пошта schoolbu@mail.ru. Телефон 8(71133) 22-0-75)  әдістемелік кабинетінің ағылшын және орыс тілі пәні бойынша әдіскерінің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санатының болуы және мемлекеттік тілді, орыс тілін меңгерген болуы керек.

           Лауазымдық міндеттері:

Аудан педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді.

            Жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      Ағылшын және орыс тілі пәні педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды.

      Ағылшын және орыс тілі пәні педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.

      Ағылшын және орыс тілі пәні педагогтерінің инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.

      Ағылшын және орыс тілі пәні педагогтеріне оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.

       Ағылшын және орыс тілі пәні педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды аудан педагогтерінің назарына жеткізеді;

     Ағылшын және орыс тілі пәні бойынша оқытудың инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;

     Ағылшын және орыс тілі пәні педагогтерінің нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;

     Ағылшын және орыс тілі пәні бойынша білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;

           Ағылшын және орыс тілі пәні бойынша есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      педагогика және жас психологиясы негіздері;

      дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері;

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

1) Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты ( 123879-149318 тенге)

             Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығының 118-тармағына сәйкес  төмендегі құжаттары тапсыруы тиіс

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі