
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мекенжайы: индекс 090303 БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Железнодорожная көшесі,№80 үй, эл.пошта schoolbu@mail.ru.. Телефон 8(71133) 22-0-75) әдістемелік кабинетінің меңгерушісі бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымының" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады; штаттық кестені анықтайды және бекітеді; даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады; бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді; кабинеттің мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді; республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады; кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады; қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды; қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; кабинеттің оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді; педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс, өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды; әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді; есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті:
.Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметінің нормалары; педагогикалық этиканың нормалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
1) Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты ( 172015-209179 тенге)
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығының 118-тармағына сәйкес төмендегі құжаттары тапсыруы тиіс
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-сарапшыдан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін 7 күн ішінде қабылданады.,