Бүгін 10 қыркүйек күні аудандық «BookBattle» жоба-байқауы қорытындыланды.
Мұндағы мақсат:
• Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру;
• Оқу мәдениетін қалыптастыру;
• Көркем әдебиеттің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
• Жазғы демалыс кезінде(маусым, шілде, тамыз) қосымша тізімдегі кітаптарды оқытып, үздік оқырманды анықтап, марапаттау.
Байқау маусым-шілде-тамыз аралығында жүргізілді. Жазғы уақытта оқуға 20 кітап таңдалып, бекітілді. Әр айдың соңында байқау тестілеуі өткізіліп, жоғары ұпай жинаған оқушылар келесі кезеңге жіберілді. Байқауға барлығы 118 оқырман сұраныс беріп, 3-кезеңге 47 оқушы қатысты. Үздіктер білім беру бөлімінің атынан дипломмен және кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.