«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы жарияланады

Бөрлі ауданының  білім беру бөлімі  Білім басқармасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №21 бұйрығына және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сай 2025 жылғы 7 сәуір  күні Бөрлі ауданының білім беру бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептер арасында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған облыстық конкурстың аудандық кезеңінің өтетінін хабарлайды. Конкурсқа қатысу үшін конкурсты өткізу қағидаларының 11-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша тиісті материалдарды және өтінішті ағымдағы жылдың  4 сәуіріне дейін білім беру бөліміне (Железнодорожная көшесі 80, №1 кабинет) тапсыру қажет.

Дата публикации
30 января 2025