«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі» әдіскердің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі»   әдіскердің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі   (мекенжайы: Ақсай қаласы Железнодорожная көшесі,80)  әдістемелік кабинетінің әлеуметтік қызмет бойынша  әдіскерінің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, біліктілік санатының  болуы және мемлекеттік тілді, орыс тілін еркін меңгерген  болуы керек.

Лауазымдық міндеттері:

       Лауазымдық міндеттері: Аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді.

      Білім беру ұйымдарын жетекшілік ететін мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды.

      Педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.

      Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытады.

      Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.

      Педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттерге, аудан (қала) педагогтарының назарына жеткізеді.

      Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады.

      Мониторинг жүргізеді және педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесін таратады.

      Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

     Білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді.

      Қажетті есептіліктерді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

    Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      білім берудің мемлекеттік стандарттарын,

      педагогика және жас ерекшелік психологиясы негіздерін,

      дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін,

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау,қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар

            Ауданның білім беру мекемелеріндегі балалардың отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқығын қорғайды. Ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың түрлі нысандарын дамытады, жұмысқа орналастыру мен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

Балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмағандардың әлеуметтік, мүліктік, тұрғындық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Әлеуметтік педагогтердің  жұмыстарын қадағаладайды;

Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік мекемелерге орналасуын қамтамасыз етеді;

Қылмыстық – түзеу жүйесінде есепте тұрған сотталған әйелдердің балаларын күту мен олардың тұрмыс жағдайларын бақылайды;

Жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысады.

Отбасында тұрып жатқан және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайға тап болған баланы дер кезінде анықтау және отбасылық проблемалар пайда болуының бастапқы кезеңінде баламен және оның отбасымен алдын алуға және қайта оңалту жұмыстарын ұйымдастырады;

Девиантты тәртібі бар балаларды, сәтсіз отбасыларды анықтайды, оларды ішкі істер органдарына тіркеуді қадағалалайды. Ата-аналардың баладан, оның ішінде перзентханада немесе басқа балалар мекемесінде, сондай – ақ баланы асырап алуға келісім беруден бас тарту профилактикасы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

Балалар еңбегін пайдалануды болдырмау мақсатында мектептерде жұмыстар ұйымдастырырады.

Аудан бойынша аз қамтылған отбасы балаларының тізімін құрастырып және оларға «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан бөлінетін материалдық көмекпен қамтамасыз етілуін бақылайды;

 Оқушыларға ыстық және қоғамдық тамақтың  ұйымдастыруын, білім беру мекемелерде санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын  қадағалайды;

Оқушылар арасында техника қауіпсіздігін сақтауды, жарақаттануының алдын алу жұмыстарын бақылайды;

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады;

1) Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне және біліміне,санатына  байланысты  ( 123879-149318 тенге)

             Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мына құжаттарды тапсырулары тиіс: 

1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш; 2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі; 3) білім туралы құжат көшірмесі; 4) еңбек кітапшасының көшірмесі; 5) кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы; 6) біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі; 7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. 9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама ұсынуы қажет; 10) Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар басылымында хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға жіберілуі қажет: 090300, Ақсай қ., Железнодорожная  көшесі 80 үй, тедефон 8(71133)22-075

 

 

 

 

 

 

 

 

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі» әдіскердің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды
Дата публикации
14 июня 2024