Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі "Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің м. а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығын негізге ала отырып, төменде көрсетілген мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында 2026-2027 жылдарға арналған Қамқоршылық кеңестердің құрамына үміткерлердің құжаттарын қабылдау 2026 жылдың 2 қазаннан басталатындығын хабарлайды:
Қамқоршылық кеңес құрамына кіру бойынша үміткерлердің құжаттары жиырма жұмыс күні ішінде қабылданады.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.
Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір сынып паралелінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
090300, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, 80, 13 кабинет. Аңықтама телефоны: 20308, электрондық поштаның мекенжайы: burlin-roo@bko.gov.kz