GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 сентября 2026
🚌 ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ТАСЫМАЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінде білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Жиында білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Жігерқызы оқушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобустардың техникалық және санитарлық талаптарға сәйкестігі, жүргізушілердің жауапкершілігі, балаларды отырғызу және түсіру орындарының қауіпсіздігі, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуы жан-жақты қаралды.
🚸 Ерекше назар аударылған бағыттар:
🔹 мектеп автобустарында «Балаларды тасымалдау» арнайы белгісінің болуы;
🔹 жаяу жүргіншілер өткелі мен жол белгілерінің талаптарын сақтау;
🔹 оқушылардың қауіпсіздік белдігін тағуын қамтамасыз ету;
🔹 тасымалдау кезінде балалардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның бақылауын ұйымдастыру;
🔹 автобус қозғалысы барысында қауіпсіздік талаптарының толық орындалуын қамтамасыз ету.
⚠️ Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!
Оқушыларды тасымалдау жұмысының сапалы әрі қауіпсіз ұйымдастырылуы – ата-ана, мектеп және жауапты қызметкерлердің бірлескен міндеті.
Қауіпсіз мектеп жолы – бала өмірінің сенімді қорғаны! 🚌
22 сентября 2026
⚡ БАЛАЛАРДЫҢ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БІРГЕ ЖАУАПТЫ БОЛАЙЫҚ!
Құрметті ата-аналар, педагогтер және оқушылар!
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Әсіресе электр энергетикасы объектілері орналасқан аумақтарда қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды.
🔌 Оқушыларға ескерту:
Электр желілері, трансформаторлық қосалқы станциялар, электр қондырғылары мен электр беру желілері – өмірге қауіп төндіруі мүмкін нысандар. Оларға жақындауға, қоршаулардан асып кіруге, электр жабдықтарына қол тигізуге, есіктерді өздігінен ашуға немесе қорғаныш құрылымдарын бұзуға қатаң жол берілмейді.
👨‍👩‍👧 Ата-аналарға:
Балаларыңызға электр нысандарының маңында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіздер. Баланың қай жерде жүргеніне назар аударып, қауіпті аумақтарға бармауын қадағалау – жазатайым жағдайлардың алдын алудың маңызды бөлігі.
👩‍🏫 Педагогтерге:
Сынып сағаттарында, тәрбие жұмыстарында және ата-аналармен кездесулерде электр қауіпсіздігі тақырыбын тұрақты түрде түсіндіріп, оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
👧🧒 Балалар, есте сақтаңдар:
❗ Электр сымдарына жақындамаңыздар;
❗ трансформаторлық қосалқы станцияларға кірмеңіздер;
❗ электр бағаналарына шықпаңыздар;
❗ қоршауларды ашпаңыздар және бұзбаңыздар;
❗ бейтаныс немесе қауіпті электр жабдықтарына қол тигізбеңіздер.
Қауіпсіздік ережесін білу – жеткіліксіз, оны күнделікті сақтау маңызды!
🤝 Бала қауіпсіздігіне ата-ана, педагог және оқушы болып бірге жауапкершілікпен қарайық!
Құрметпен,
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі
22 сентября 2026
🏆 БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!
Халықаралық туризм күніне орай білім қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Европа – Азия» республикалық туристік фестивалінде ауданымыздың білім саласының өкілдері белсенділік танытып, спорттық туризм бағытындағы жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті.
Фестиваль барысында қатысушылар туристік шеберлік, ептілік, төзімділік пен командалық үйлесімділікті талап ететін бірнеше бағыт бойынша бақ сынады.
Нәтижесінде:
🥇 «Түнгі бағдарлау» қашықтығы, ерлер арасында:
Гумаров Алмас — І орын;
Рахметуллин Естөре — ІІІ орын.
🥉 «Түнгі бағдарлау» қашықтығы, әйелдер арасында:
Насиева Тәттігүл — ІІІ орын.
🏐 Волейбол ойыны, командалық есеп — І орын.
🥇 «Өткелдер» қашықтығы, командалық есеп — І орын.
🥉 «Фрироуп» қашықтығы:
Қарағойшин Берік — ІІІ орын.
Жүлделі орындарға ие болған білім қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – қатысушылардың спорттық дайындығының, табандылығының, ұйымшылдығы мен командалық рухының нәтижесі.
👏 Жеңістеріңіз еселеніп, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы