Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында Бәйтерек ауданында «Жас қозғалыс инспекторлары» слеті жоғары деңгейде өтті 🚦
Аудан мектептерінің белсенді оқушылары қатысқан шараның басты мақсаты – жол қозғалысы ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетін қалыптастыру болды. Қатысушылар 7 кезең бойынша білімдері мен ептіліктерін сынап, өзара тартысты бәсеке көрсетті.
Слетке аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар қызметі, аудандық аурухана және Жас туристер станциясының мамандарынан құралған әділқазылар алқасы төрелік етті. Олар қатысушылардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді.
Нәтижесінде, Бауыржан Момышұлы атындағы мектебі үздік атанып, облыстық кезеңге жолдама иеленді. Енді олар Бәйтерек ауданының намысын қорғайтын болады 💪
2026 жылдың 4 ақпанында Достық мектебі базасында «Сапалы білім – жаратылыстану-математикалық сауаттылықтың негізі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар барысында химия, биология, география, физика және информатика пәндері бойынша секциялық отырыстар ұйымдастырылып, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, әдістемелік қолдау көрсетуге және заманауи білім беру тәсілдерін талқылауға мүмкіндік жасалды. Семинарға 100-ден астам мұғалім қатысып, білім сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды баяндамалар мен практикалық жұмыстар ұсынылды. Тәжірибе, идея, инновация бір алаңда тоғысты!
Инновациялық жабдықтармен толық қамтылған, қауіпсіз әрі шабыттандыратын ортада оқушылар жан-жақты дамуға мүмкіндік алады.
Білім мен тәрбие, тәртіп пен технология қатар өрілген бұл мектеп – оқушы әлеуетін ашудың нағыз алаңы.
Соның жарқын дәлелі – №52 «Келешек мектебінің» оқушысы Бурунбаев Алтынбасар.
Ол Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында өткен «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойынында І орын 🥇 иеленіп, білім ордасының мүмкіндіктерін дәлелдеді.
"Келешек мектептері"– келешек жеңістердің кепілі!
Бүгін – «Абай күні». 10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні.
Ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі күні алға қойған міндеттердің бірі. Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймақ емес.
«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.
Біз Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра береміз.
13 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру ұйымдарының облыстық «Отаным-Отбасым» атты онлайн- байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Осы байқауға 21 отбасы белсене қатысты.
Байқаудың мақсаты – балалар әдебиетін насихаттау, оқушының көркем сөзге деген қызығушылығын арттырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Отбасылар өз шығармашылығы мен кітапқа деген сүйіспеншілігін бейнеролик арқылы әсерлі жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын - Қ. Аманжолов ат.ЖОББМ;
2 орын- Переметный ЖОББМ;
2 орын - Махамбет ЖОББМ;
3 орын - Дарьинск ЖОББМ;
3 орын - Подхоз ЖББНМ;
3 орын - Раздольный ЖОББМ.
Жүлдегер отбасыларға марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Бәйтерек ауданы бойынша Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ-нің Хайруллиндер отбасының үздік бейнеролигі БҚО білім басқармасына жолданды.
2023 жылғы 20 қарашада Бәйтерек ауданында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептері үшін республикалық олимпиаданың 1 кезеңі басталды.Олимпиада онлайн форматта 13 пән бойынша өткізіледі. Олимпиадаға ауданның 35 мектебінен 9-11 сыныптардың 723 оқушысы тіркелді. Бірінші кезеңнің соңғы күні 2023 жылдың 29 қарашасында.Олимпиаданың мақсаты-ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, неғұрлым академиялық қабілетті балаларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы.
Бәйтерек ауданының білім беру мекемелері бойынша
«Мектепке жол -2023 » акциясының өткізілуі туралы
Бәйтерек ауднының білім беру бөлімі бойынша 2023 жылғы 1 тамызы - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясының(бұдан әрі - акция)өткізу жоспарлануда.
Акцияның ұраны: Жақсылықты жаса
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу және халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ акцияға ықтимал демеушілерді тарту үшін 2023 жылғы тамыз, қыркүйек айларында білім беру ұйымдарымен өңірлерді республикалық акцияның басталуы туралы ақпараттандырылды.
Акцияны өткізу барысында балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, көмек беру қажеттілігіне назарлар аударылады. «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілік ретінде ауыл азаматтары, шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлерде атсалыса алады