Жол қауіпсіз акциясы

Жаңа оқу жылында, балалардың қауіпсіздіне ерекше мән берілген жаңа «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруда барлық мектептерде жасұлан, жасқыран ұйымдары Ақжайық АП бөлімінің және БҚО ПД ППБ инспекторларымен бірлескен «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өткізілді.

Шараға БҚО ПД ППБ қызмет инспекторлары және Ақжайық АПбөлімінің КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Габдыхалық Асем Амангелдіқызы мен МАИ қызметкерлері бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жас полицияшылар, оқушыларды белгіленген маршрут бойынша алып жүруге көмектесті. Кейін мамандар, жас инспекторларға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында МАИ қызметінің жұмыстарымен таныстырды.

Бала қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған акция, оқушылардың жолда жүру қаіпсіздігін алдын алуға бірден бір себеп деп есептейміз.

Дата публикации
06 сентября 2024