Аудан бойынша 44 мектеп жұмыс жасайды (24 орта, 10 негізгі, 10 бастауыш). 2023-2024 оқу жылында 44 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектепте 6414 оқушы, соның ішінде 5939 (92,6%) оқушы қазақ тілінде, 475 (7,4%) оқушы орыс тілінде білім алады. 41 мектепте (93,2%) 4969 оқушы білімді қазақ тілінде алса, 3 мектепте (6,8%) 1445 оқушы білімді қазақ және орыс тілдерінде алады. Мектептерде жалпы 491 сынып-жиынтық, соның ішінде 459-ы (93,5%) қазақ, 32-сі (6,5%) орыс сыныптары. 1 сыныпқа 703 оқушы қабылданды (қазақ сыныбына -661, орыс сыныбына -42).
Биылғы оқу жылы аудан орталығындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-сыныпқа түзете-дамыта оқыту сыныбы ашылып, онда 4 оқушы білім алуда. Сонымен қатар М.Әуезов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде түзете-дамыта оқыту 6-сыныбында 3 оқушы білім алады.
Оқу процесі 9 мектепте 1 ауысымда, 35 мектепте 2 ауысымда ұйымдастырылады.
Ағымдағы оқу жылы 9-сыныптарда оқушы саны -611, 11-сыныптарда -348.
Ауданда толық жинақты мектеп саны -13 (29,5%, (12 орта, 1 негізгі)), шағын жинақты мектеп саны -31 (70,5%, (12 орта, 9 негізгі, 10 бастауыш)).
Оқушы санының нормативке сай келмеуіне байланысты облыс әкімінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №186, 187 қаулылары негізінде Базаршолан ауылдық округіне қарасты Есім ауылындағы Есім бастауыш мектебі таратылды және Базартөбе ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылындағы Еңбекші негізгі орта мектебі бастауыш мектеп болып қайта құрылды.