Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті
29 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық жетінші сессиясын онлайн форматта ZOOM қосымшасы арқылы өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Алмас Танибекович Тастенбеков, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Майгуль Канатовна Абылкасова және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Сессия барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, Бесқарағай ауданының бюджетіне, сондай-ақ Баскөл, Бесқарағай, Глуховка, Долон және Қарабас ауылдық округтерінің бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, тиісті шешімдер қабылданды.
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚЫРЫҚ АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
24 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының өкілдері мен аудан аумағындағы филиалдарының директорлары қатысты.
Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген 19 мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметі және халықты жылыту маусымына отынмен қамтамасыз ету тәртібі, жайылымдарды ұтымды әрі тиімді пайдалану және жемшөп дайындау қажеттілігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Бесқарағай ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, аудандық мәслихат аппаратының Ережесіне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу, ауданның басқару схемасын бекіту, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, терроризмге қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау және бюджеттік комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер де күн тәртібінде болды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер депутаттардың қатысуымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
БЕСКАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 24 қыркүйекте аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізу, бюджет, экономика және аймақтық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияның есебі талқыланды.
Сонымен қатар, жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөп дайындау, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және халықты жылыту маусымына отынмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Әлеуметтік қолдау саласында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, жауапты бөлім басшысының ақпараты тыңдалды.
Сондай-ақ мәслихат аппаратының қызметін реттейтін құжаттарға, ауданның басқару схемасына өзгерістер енгізу, сайлау комиссияларының құрамдарына қатысты мәселелер қаралды.
Бұдан бөлек, құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың және терроризмнің алдын алу жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның және бюджеттік комиссияның дербес құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.
Отырыста жауапты бөлім басшылары тиісті ақпарат беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Қаралған мәселелер бойынша шешім жобалары талқыланып, тиісті ұсыныстар Бесқарағай аудандық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясының қарауына енгізу үшін жолданды.
Өзекті мәселелерді талқылау, ұсыныстарды қарастыру және ауданның одан әрі дамуына бағытталған шешімдерді қабылдау – депутаттық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі.
Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!
Сегізінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 15:00-да шақырылсын, онлайн режимінде ZOOM қосымшасы арқылы өтеді.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
17 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматта өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Б. Назаров, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы К.Б. Есимбекова, аудандық білім бөлімінің басшысы М.К. Кәдірбеков, аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.М. Мұқанов, Жетіжар ауылдық округінің әкімі М.М. Жайдарбеков, Малая Владимировка ауылдық округінің әкімі С.К. Асылханова, Ерназар ауылдық округінің бас маманы Н.Д. Рахимжанова қатысты.
Күн тәртібіне мемлекеттік мекемелердің, әлеуметтік-мәдени нысандардың, тұрғын үй қорының қысқы жылыту маусымына дайындығы туралы, балалардың құқықтарын қорғаншылық және қамқоршылық аясында қамтамасыз ету шаралары және олардың аудан деңгейінде жүзеге асырылуы, оқушыларды сапалы және қолжетімді тамақпен қамтамасыз ету, Жетіжар, Малая Владимировка және Ерназар ауылдық округтері әкімдерінің 2025 жылғы және 2026 жылдың 9 айындағы функционалдық міндеттерін орындауы туралы есептері енгізіліп, қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, тиісті ұсынымдар берілетін болады.
Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!
Сегізінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы 2026 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 10:30-да аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
4.Әртүрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялардың отырысы 2026 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 09:30-да өтеді.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова
В Казахстане стартовала регистрация на первый республиканский марафон чтения книг «Читающая нация». Проект объединит участников из всех регионов страны и станет одной из крупнейших национальных инициатив по популяризации чтения и развитию культуры книги.
Марафон пройдет с сентября 2026 года по апрель 2027 года в двух языковых лигах — казахской и русской. Проект включает 7 специализированных направлений:
Каждому участнику предстоит прочитать 15 книг по своему направлению из специально сформированного фонда в 330 произведений (165 на казахском и 165 на русском языках). В книжные списки вошли произведения отечественных авторов, мировая классика и современные книги. При их формировании также были учтены произведения, вошедшие в перечень «100 книг» по итогам общенационального голосования, а также мировые бестселлеры, включая произведения лауреатов Нобелевской премии по литературе.
Основной читательский этап начнется в сентябре месяце текущего года, и продлится до марта 2027 года: участники читают книги и публикуют краткие отзывы в личном кабинете. В марте–апреле 2027 года состоятся финальное тестирование и интеллектуальные квизы.
Победители и призеры региональных этапов получат денежные премии:
Все финалисты будут отмечены дипломами и электронными сертификатами.
Председатель Общественного фонда «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» Бакытжан Турлыбеков отмечает, что главная цель проекта выходит за рамки самого конкурса.
«Сегодня мы открываем регистрацию на первый республиканский марафон «Читающая нация» и тем самым даём старт большому общенациональному движению, которое объединит людей разных возрастов, профессий и интересов вокруг книги.
Я приглашаю всех присоединиться к марафону. Уверен, что вместе мы сможем сделать чтение одной из важных составляющих современной жизни Казахстана и показать, что читающая нация — это сильная, образованная и думающая нация», — сказал Бакытжан Турлыбеков.
Подробные правила участия, регламенты по направлениям и списки книг опубликованы на официальном сайте проекта: www.reading-nation.kz
К реализации республиканского марафона «Читающая нация» присоединились ряд значимых партнеров проекта. Союз писателей Казахстана, Фонд развития креативных индустрий, цифровые платформы KITAP и «Яндекс Книги» будут содействовать развитию культуры чтения, поддержке современных литературных инициатив и созданию новых возможностей для взаимодействия читателей с книгой.
Проект реализуется при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан.
Президентті, Құрылтайдың, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10, 19 баптарына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына Президентті, Құрылтайдың, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік № 259, № 267, № 269, № 272, № 277, № 279, № 280, № 283, № 284 сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік -аумақтық бірлігі аумағында тұруы қажет.
Сайлау комиссияларының орналасқан жері № 259-Бесқарағай ауылы, № 267-Бірлік ауылы, № 269-Старая Крепость ауылы, № 272-Мостик ауылы, № 277-Бозтал ауылы, № 279-Өндіріс ауылы, № 280-Жетіжар ауылы, № 283-Ерназар ауылы, № 284-Қоянбай ауылы.
Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстарды Бесқарағай аудандық мәслихатының сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты: А.Молдашева, тел. 8722369-07-07.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10,19 баптарына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты шығып қалғандардың орнына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу жөніндегі № 5, № 6, № 7, № 11 округтік сайлау комиссиясы мүшесін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік -аумақтық бірлігі аумағында тұруы қажет. Округтік сайлау комиссияның орналасқан жері № 5-Глуховка ауылы, № 6-Долон ауылы, № 7-Канонерка ауылы, № 11-Ерназар ауылы.
Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстарды Бесқарағай аудандық мәслихатының сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты: А.Молдашева, тел. 9-07-07.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова
Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!
Сегізінші шақырылған Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы 2026 жылғы 25 тамыз күні сағат 10:00-де шақырылсын, онлайн режимінде ZOOM қосымшасы арқылы өтеді.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезектен тыс қырық төртінші сессиясы ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары және аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асель Мубараковна Жашырбекова қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) Бесқарағай ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
2) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы №3/9-VІІ «Бесқарағай аудандық бюджеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.