Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, өкілді органның жұмысында айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ депутаттар мен аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Абай облыстық Бесқарағай аудандық мәслихатында 2025 жылы №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» бағыты бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету шеңберінде жыл сайын іс-шаралар жоспары жаңартылады, мәслихат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Мәслихат жұмысының ашықтығы мен есептілігі шешімдерді, отырыстардың күн тәртібін, депутаттардың есептерін және өзге де нормативтік ақпаратты ресми сайтта тұрақты орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық шешімдер Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында жарияланады, ал нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылады. Комиссия отырыстары мен сессиялар жұртшылық пен БАҚ-тың қатысуымен ашық форматта өткізіледі, онлайн-трансляциялар ұйымдастырылады.
Қызметкерлер мен депутаттар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қызметтік әдеп және мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша тұрақты нұсқауалар жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталуын бақылау, сондай-ақ активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды уақтылы ұсыну жүзеге асырылады.
Халықпен өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу, бекітілген кесте бойынша азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Депутаттар округтерде қабылдаулар өткізеді және өтініштер бойынша депутаттық сауалдарды жүзеге асырады. Бюджет, ауданның даму бағдарламалары және әкімнің есептері мәселелері бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі.
Мәслихат сессияларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылауға және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған есептер тыңдалды:
- Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Абай облысы білім басқармасының «Бесқарағай ауданы білім бөлімі» ММ-нің, ҚР АШМ ВК аудандық аумақтық инспекциясы басшыларының ақпараттары;
- депутаттық өкілеттіктер, заңдылық және этика, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның есебі;
- Бесқарағай аудандық мәслихаты төрағасының есебі.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметіне байланысты ықтимал жағымсыз материалдарды анықтауды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға мониторинг жүргізіледі.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде халықтың мәслихат қызметіне деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, этикалық нормаларды нығайту және депутаттар мен аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты арттыру байқалады.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының аппарат басшысы А.Чуашбаева