Аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылғы есебі
Бесқарағай аудандық мәслихатының қызметі есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, регламент негізінде және оған сәйкес аудан әкімінің аппаратымен, аудандық бөлімдермен және мекемелермен, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен, аудан халқымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылды.
Есепті кезеңде аудандық мәслихаттың 11 сессиясы өткізілді: 3 кезекті және 8 кезектен тыс. 78 мәселе қаралды.
Бұл бюджет, аудан экономикасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу, халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету мәселелері және тағы басқалар. Оларды талдай отырып, мәслихат депутаттары белгілі бір жұмыс атқарғанын атап өтуге болады.
Өткен жылы депутаттар келесі есептерді тыңдады:
Мәслихатта тұрақты негізде екі тұрақты комиссия жұмыс істейді, олар өз жұмыс жоспарына сәйкес отырыстар өткізеді. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері ауданның даму жоспарларының, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысын бақылауға, жоспарланғанның сапалы орындалуына, осы мақсаттар үшін бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын талдауға назар аударады. Жыл ішінде бюджет қаражатын тиімді игеру мақсатында аудан бюджетіне 4 рет өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді, ауылдық округ әкімдерінің бюджеттеріне өзгерістер еңгізу бойынша 7 сессия өткізілді. Ауылдық округ әкімдерінің назарын қателерді болдырмау үшін бюджетті жоспарлаудың тиімділігіне аударғым келді.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары ауданда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістердің тікелей қатысушылары болып табылады. Аудандық мәслихаттың 8 депутаты жұмыс комиссияларының, жергілікті атқарушы органдар жанындағы түрлі мәселелер жөніндегі кеңестердің мүшелері, 4 депутат аудандық Қоғамдық кеңестің құрамына кіреді, 2 депутат «AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ депутаттар ауданның барлық білім беру мекемелерінің қамқоршылық кеңестерінің құрамына кіреді.
Биылғы жыл Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл толды. Мереке аясында Республика мен облыс деңгейінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Аудандық мәслихат депутаттары А.Т. Шамитов, Б. М. Қалдаманов, Д.С Тусупова ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған «Senat Open Cup 2024» шахмат турнирінің іріктеу турына қатысты. Депутат А.Т.Шамитов жарыстың финалына өтіп, Астана қаласында өткен Парламент палатасының ашық кубогының финалында күресті жалғастырды. Бұл турнир жастар мен ересектер арасында спорттың осы түрін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары Астана қаласында «AMANAT» партиясы ұйымдастырған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының Республикалық форумына және барлық шақырылған аудандық мәслихат депутаттарына құрмет көрсету өткізілген Семей қаласындағы өңірлік облыстық салтанатты форумға қатысты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және сайлаушылардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесі, негізгі мәселелерді шешуге белсенді қатысқаны үшін мәслихат депутаттары түрлі Министрліктердің, облыс әкімі Н.Т. Уранхаевтың, облыс мәслихатының төрағасы К.С. Сүлейменовтің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Семей қаласындағы филиалы жанындағы депутаттардың біліктілігін арттыру, жан-жақты дамыту, кәсіби сауаттылығы мақсатында аудандық мәслихаттың 5 депутаты Н.Г.Беленкова, Д. С.Тусупова, Н. А.Төленбаев, Б. М.Қалдаманов және М. Т.Зиаданова оқудан өтті.
Депутаттардың қызметінде халықпен кездесулер, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау өтініштер мен өтінімде қаралып бекітілген сайлау округіндегі жұмыс маңызды орын алады. Депутаттар ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп қиын жағдайға тап болған азаматтарға, көпбалалы отбасыларға және т.б. қайырымдылық көмек көрсетеді. Депутаттық сауалдар, депутаттық кездесулер мен қабылдаулар өз нәтижелерін берді. Мысалы: биыл 50 азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізілді, сайлаушылардың 65-тен астам өтініштері келіп түсті, оның ішінде 33 депутаттық сауал түрлі мемлекеттік органдарға жолданып өз шешімдерін тауып орындалды және түсініктемелер мен кеңестер берілді. Депутаттармен кездесулерде, азаматтардың қабылдауларында халықтың өзекті мәселелері көтеріледі және мүмкіндігінше атқарушы органдармен бірлесіп шешіледі. Депутаттық корпус құрамында шаруа қожалықтарының тәжірибелі, сауатты басшылары, білім беру саласының мамандары, кәсіпкерлер, сондай-ақ басқа да салалардың өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларының ережелерін шеше отырып, сессиялар мен комиссия отырыстарының күн тәртібіндегі басқа да әлеуметтік маңызды мәселелерді уақтылы, толыққанды шешуге ықпал етеді.
8-шақырылым депутаттарының табысты қызметінің міндетті талаптарының бірі әлеуметтік желілерде жұмыс істеу болып табылатынын атап өткен жөн. Ақпараттық технологияларды кем дегенде базалық деңгейде меңгеру өте қажет. Депутаттар, әсіресе, «AMANAT» партиясының депутаттары болса, мұндай жұмысты елемеуге болмайды. Сондықтан аудандық мәслихат депутаттары жеке әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады, онда сайлаушылар депутаттардың жүргізіп жатқан жұмыстарын көріп, өз пікірлерін, ұсыныстарын енгізіп, проблемалық мәселелерді белгілей алады.Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары мен аппаратының қызметі туралы барлық материалдар инстаграмм, фейсбук әлеуметтік желісінің парақшасында жарияланады.
Аудандық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашық формат режимінде өткізіледі. Мәслихаттың кезекті сессиялары онлайн режимінде таратылады. Сессия жұмысына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, қоғамдық және үкіметтік емес бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Аудандық мәслихат жанынан 8 мүшеден тұратын «АМАNAT» партиясының депутаттық фракциясы жұмыс істейді. «АМАNAT» партиясының мүшелері болып табылатын депутаттар бекітілген кесте бойынша сайлаушыларды партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдап және ауыл белсенділерімен кездесулер өткізеді.
Қорытындылай келе, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындалуы алда көп жұмыс және басты назарда екенін айтқым келеді. Сонымен, біз депутаттардың бастамасын дамытып, депутаттық корпустың жұмысын жетілдіріп, әрбір депутаттың белсенділігі мен дербес жауапкершілігін арттырып, ең бастысы өз сайлаушыларымызбен байланысты нығайтуымыз қажет. Халықпен кездесулер оларды таңдағандардың игілігі үшін жұмыс істейтін халық қалаулылары үшін нормаға айналуы керек.