Абай облысы Бесқарағай ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.Жұмыс тобының құрамына мәслихат аппаратының басшысы А.О. Чуашбаева, бөлім басшысы А.Р. Молдашева, бас мамандар Р.Р. Ахмедьярова мен А.Е. Қасенова кіреді.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес және Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 31 желтоқандағы № 74 өкімінің негізінде жүргізілді.
Мәслихат аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарын, 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №23/4-VII шешімімен бекітілген Бесқарағай аудандық мәслихатының Регламенті, сондай-ақ 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №23/2-VII шешімімен бекітілген Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихаты аппараты мемлекеттік мекемесінің Ережесін басшылыққа алады.
Мәслихат аппараты құрылымы бір бөлімнен-ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімінен тұрады.
Мәслихат аппараты Бесқарағай аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Жұмыс тобы мынадай нормативтік құқықтық актілерді зерделеді: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексі (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Талдау барысында мәслихат аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер нормаларының сәйкессіздігі жоқ екені анықталды.
Мәслихат аппаратының қызметін талдау барысында салалық заңнаманың дискрециялық нормалары жоқ екендігі анықталды.
ІІ.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Талданатын кезең-2026 жылдың бірінші жартыжылдығы
Мәслихат аппаратының құрылымы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №23/5-VII шешімімен бекітілген.
Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттарының санына және жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген мәслихат аппаратының штат кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің штат және нақты саны 5 адамды құрайды.
«Командалық орын ауыстыру» анықталған жоқ.
Талдау барысында қабылданған қызметкерлердің үлестестігі анықталмаған.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен басшы құрамды тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Өткен кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ.
Бюджеттің ашықтығы:
«Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты» ММ (бұдан әрі – мәслихат аппараты) бюджеттік бағдарламалары Бесқарағай аудандық мәслихаты төрағасының өкімімен бекітіледі және жобалар e.gov.kz веб-сайтында «Ашық бюджеттер» бөлімінде орналастырылады.
Бұдан басқа, мәслихаттың бюджет туралы шешімінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Сессияда бекітілгеннен кейін мәслихаттың шешімі нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкінде жарияланады.
Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бекітілген Мемлекеттік сатып алу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Қажеттілігіне қарай жыл ішінде мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Мемлекеттік сатып алу жоспары Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылады www.goszakup.gov.kz.
Бұдан басқа, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептер мен шарттарды орналастыру бойынша жұмыстары www.goszakup.gov.kz. порталында жүргізілуде.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде мемлекеттік сатып алулар тікелей шарт жасасу, бір көзден сатып алу, баға ұсыныстарын сұрату және электрондық дүкен арқылы сатып алу тәсілдерімен ұйымдастырылып, өткізілді.
Мәслихат аппаратында мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың басым бөлігі баға ұсыныстары тәсілімен өткізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын қарау кезінде олардың аффилиирленуінің болуы анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсырады.
Қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу (оның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру және т.б.) белгіленбеген. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ант беру мәтіндері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормаларымен, шектеулермен танысу парақтары бар.
Мәслихат аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы жоқ екені анықталды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратының құзыретіне мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функциялар кірмейді.
Мәслихат аппараты туралы ережеде бақылау-тексеру функцияларын іске асыру көзделмеген.
Мәслихат аппаратында азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу қағидалары негізінде жүргізіледі, ол қамтамасыз етуге бағытталған барлық мемлекеттік органдардың өтініштерді қарауының ашықтығы.
Осы бағыт бойынша жұмыстың жай-күйіне тұрақты негізде талдау жүргізіледі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету, бақылауды арттыру, белгіленген мерзімдерді бұза отырып өтініштерді қарауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылданады.
Мәслихат аппаратында өтініштер бойынша іс жүргізу іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізіледі. Мәслихат аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері уақтылы тіркеледі, өңделеді, орындалады және бақыланады. Мәслихат аппаратына келіп түскен барлық өтініштер бойынша қажетті түсініктемелер берілді. Өтініш берушілерге жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес – заңнамада белгіленген мерзімде жүгіну тілінде жіберілді.
Мәслихат депутаттары азаматтарды жеке қабылдау үшін арнайы сағаттар мен күндері белгіленген. Қабылдау кестесі ресми интернет-ресурста орналастырылған.
2026 жылығы 6 ай ішінде мәслихат аппаратына 5 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан -2 өтініш, жеке тұлғалардан -3 өтініш.
Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралып, орындалды, өтініш берушілерге түсініктемелер және жауаптар берілді.
Есепті кезеңде құжаттарды орындау мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Бақылау-өкімдік құжаттарды орындамағаны үшін жауапқа тартылған қызметкерлер жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы мәслихат аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген қорытындыға келді.
Жалпы ұсыныстар:
Жұмыс тобы:
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова