2026 жылғы 16 маусымдағы Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезектен тыс қырық екінші сессиясының шешімдері
Бесқарағай аудандық мәслихаты сессиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 42/1-VIII шешімі
Бесқарағай аудандық мәслихатының
кезектен тыс қырық екінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бесқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VІ «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешеміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М. Абылгазинова
Бесқарағай аудандық мәслихаты сессиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 42/2-VIII шешімі
Бесқарағай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5 -VIII
«Аумақтық және учаскелік сайлау
комиссияларының жаңа құрамын құру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»;
Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімді сайлау жөніндегі аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына енгізілсін:
Бесқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына:
Жумагазинова Толкын Ораловна – «Бесқарағай әйелдері» ӨҚБ-нен ұсынылды (Бесқарағай ауылы).
№ 257 учаскелік сайлау комиссиясына:
1) Бикеева Алмагуль Юрьевна – «Ардагерлер ұйымы» ӨҚБ-нен ұсынылды (Бесқарағай ауылы);
2) Ажгожина Алия Акылбековна – «Бесқарағай әйелдері» ӨҚБ-нен ұсынылды (Бесқарағай ауылы).
Бесқарағай аудандық
мәслихатының төрағасы М.Абылгазинова
Бесқарағай аудандық мәслихаты сессиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 42/3-VIII шешімі
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VІ «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешеміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары және мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында Бесқарағай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
«Бесқарағай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VI
шешіміне 2-қосымша»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін «Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы |
|
М. Абылгазинова |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 16.06.2026
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 38972 болып енгізілді
Результаты согласования
Бескарагайский районный маслихат - руководитель аппарата Айжан Омаргалиевна Чуашбаева, 16.06.2026 15:03:25, положительный результат проверки ЭЦП
Бескарагайский районный маслихат - Председатель маслихата Мейрамгуль Рысбековна Абылгазинова, 16.06.2026 15:04:10, положительный результат проверки ЭЦП
|
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 42/3-VIII |
|
шешіміне қосымша
|
Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидасы мен мөлшері
1 тарау. Жалпы ережелер
1) ағымдағы шот-банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоты шартының негізінде ашатын банк шоты;
2) Коммуналдық қызметтер-тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұтынушыға сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жоюды, лифттерге қызмет көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және мамандардың ағымдағы шоттарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 16.06.2026
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 38972 болып енгізілді
Результаты согласования
Бескарагайский районный маслихат - руководитель аппарата Айжан Омаргалиевна Чуашбаева, 16.06.2026 15:03:25, положительный результат проверки ЭЦП
Бескарагайский районный маслихат - Председатель маслихата Мейрамгуль Рысбековна Абылгазинова, 16.06.2026 15:04:10, положительный результат проверки ЭЦП