Абай облысында ауыл балалары арасында ұйымдастырылған «AYUL SPORT-2026» облыстық турнирінде Бесқарағай ауданының жас спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-нің 2026 жылға арналған халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 5–9 қазан аралығында «AYUL SPORT-2026» ауыл балалары арасындағы облыстық турнир өткізілді.
Аталған жарыстың негізгі мақсаты – ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді спортпен тұрақты айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, жас спортшылардың шеберлігін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.
Турнир аясында спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылып, футболдан 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында тартысты бәсеке өтті.
Жарыс барысында Бесқарағай ауданының командасы жоғары дайындық деңгейін, шеберлігін және командалық бірлігін көрсете білді. Әр ойында жеңіске деген жігер танытқан жас футболшылар нәтижесінде облыс чемпионы атанып, алтын жүлдені қанжығаларына байлады.
Бұл жеңіс – жас спортшылардың жүйелі түрде жүргізген жаттығуларының, табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылар мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Бесқарағай ауданының жас чемпиондарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік, мықты денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз! Бесқарағай ауданының көкжиегін кеңейтіп, ауданымыздың абыройын асқақтата беріңіздер!
Жеңіс құтты болсын, жас чемпиондар! 🏆⚽
Жиналыс барысында келесі сұрақтар талқыланды
1. Бюджеттің тиімді пайдаланылуы мен игерілуіне аса назар аудару, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері;
2. Мектептерде қауіпсіз жағдай жасау және Таза Қазақстан бағдарламасының үнемі басты назарда болуы;
3. Құқық бұзушылық, суицид, буллинг және т.б. жағдайларда алгоритмге сәйкес білім бөліміне және тиісті органдарға хабарлау бойынша дұрыс іс қимыл жасау;
4. Ата-аналар, заңды өкілдер, арыз, шағым, ұсыныс білдірушілер және басқада мектепке келуші азаматтардың мәселелесін тиісті заңға сәйкес қарап, дұрыс жауап беру;
5. Мектептерге жылу беру мәселесі және қатты отынның тасымалдануын қадағалау.
Сонымен қатар, басқа ағымдағы сұрақтар талқыланды.
Жиналыс барысында білім бөлімінің басшысы күрделенген мәселелер бойынша кейбір білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына ескерту жасап, тапсырмалар берді.
Жаңа шығармашылық кеңістіктің ашылу рәсіміне Абай облысы әкімінің орынбасары Раханов Мейірлан Ақылбекұлы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шынғысбаева, Қазақстан халық кеңесінің мүшелері Нұртай Сабильянов, Думан Орынбеков пен Мерей Қарт және қоғам белсенділері қатысты.
Салтанатты шара барысында құттықтау сөздер айтылып, жаңа нысанның ашылуына арналған лента қию рәсімі өтті. Қонақтар Шығармашылық үйінің заманауи мүмкіндіктерімен танысты. Ғимаратта балалардың шығармашылық, техникалық және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі кабинеттер мен арнайы жабдықталған кеңістіктер қарастырылған. Атап айтқанда, «Art-Studio», «Қыш шеберханасы», «Тігін», «MediaStudio», «RoboticsLab», «Робототехника», «FabLab кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар спорт залында асық ойыны мен садақ ату бағыттары бойынша үйірмелер ұйымдастырылған.
Бүгінде Шығармашылық үйінде 400 бала қосымша біліммен қамтылған. Алдағы уақытта тәрбиеленушілер санын 1000 балаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жаңа нысан ауыл балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық және техникалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Бұған қоса жастарды бір арнада тоғыстыратын алаңға айналмақ.
19 тамыз білім бөлімінің басшысы Медет Кәдірбекұлы мектеп директорларымен жиналыс өткізді Жиналыста келесі мәселелер қаралды
1. Жаңа оқу жылына мектептердің дайындығы мен білім саласындағы өзгерістер;
2. Мектепке ұстаздарды және басқа да қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда қатаң заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері;
3. ”Мектепке жол” акциясын белсенді ұйымдастыру;
4. Қатты отынның кестеге сәйкес тасымалдануын қадағалау және т.б. сұрақтар талқыланды.
«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты атанған Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектеп 4 000 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды!
Бұл — мектеп ұжымының тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі.
Мектеп ұжымын осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Артық білім кітапта…” кітап сайысының облыстық кезеңінде Бесқарағай ауданы Өндіріс орта мектебінің “Кітап time” командасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, 700 мың теңге сертификатпен марапатталды.
«Ақ - қайын 2026», «Мерейлі Бесқарағай – 2026»
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Бесқарағай ауданында дәстүрлі гала-концерті өтті.
Ауданның барлық білім беру ұйымдарынан іріктелген 250-ден астам дарынды бала ән, би және шығармашылық өнерлерін көпшілікке паш етті. Байқаудың мектепішілік және аудандық кезеңдері наурыз-сәуір айларында өткізіліп, үздік 42 өнер нөмірі гала-концертке жолдама алды.
Мереке барысында өнер көрсеткен барлық балаларға жалпы құны 1.8 млн теңгеге қаражат сөлшерінде естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегері атанған мектептер арнайы марапатталып, қатысушыларға 6 арнайы номинация бойынша марапаттар берілді.
Балалардың шат күлкісі мен жарқын өнері мерекенің басты сәніне айналып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!
Құрметті Бесқарағай ауданының тұрғындары, ата-аналар және оқушылар!
2025-2026 оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Оқу жылының аяқталуына орай жалпы білім беретін мектептерде «Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаты өткізіледі.
Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын мектеп бітіруші 9 және 11-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.
Қорытынды емтихандар мен аттестат табыстау мерзімдері:
-9-сынып бітірушілері үшін қорытынды емтихандар: 29 мамыр – 11 маусым;
-11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар: 2 – 15 маусым;
-аттестат табыстау салтанаты: 17–18 маусым.
Аттестат табыстау салтанатты іс-шарасын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» №106-НҚ бұйрығына сәйкес, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді және жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархандар ұйымдастыруға, автокөліктермен шерулер өткізуге, әкімшілікке және педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
"Бесқарағай аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Кәдірбеков Медет Кәдірбекұлы «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің оқушыларымен ұстазадарына Абай облысы білім басқармасының басшысы, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры,филология ғылымдарының докторы Бауыржан Амангелдіұлы Ердембековтің мектепке сыйға тартқан «Абайтану» ғылыми еңбегін табыстады. Мектеп кітапханасы тағы бір қайталанбас еңбекпен толықты.
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы Медет Кәдірбекұлы Кәдірбековтың төрағалығымен Zoom платформасында аудан мектеп директорлары, директор орынбасарлары, іс-қағаздар жүргізушілері және білім бөлімінің мамандарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыста келесі мәселелер қаралды
Білім бөлімінің бас маманы - Тусупова Камила Есенгелдіқызы
1. “Педагогті жұмысқа қабылдау” модулі, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде кемшіліктерді болдырмау, Е-өтініш жүйесімен жұмыс жасау мәселелері.
2. Өзгеде мәселелер бойынша білім бөлімінің басшысы келесі жұмыстарды тапсырды
- “Таза Қазақстан” бағдарламасы бойынша мектептерге ағаш отырғызу, гүлдендіру, абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргузі;
- Соңғы қоңырауда заңсыз ақша жинауға, дастархандар ұйымдастыруға, автокөліктермен шерулер жасауға жол бермеу;
- Педагогтерге арналған тегін жасанды интеллектіні пайдаланып, жұмыс жасау;
- Бюджеттің дұрыс жоспарлануы мен игерілуі;
- ҰБТ қатысатын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету және т.б. ағымдағы сұрақтар қаралды.