Ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында Бесқарағай ауданы бойынша 247 оқушыға жалпы сомасы 3 888 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Оның ішінде:
35 балаға 691 500 теңге сомасында мектеп формасы берілді;
17 балаға 170 000 теңге сомасында аяқ киім берілді;
179 балаға 2 939 500 теңге көлемінде кеңсе тауарлары табысталды.
Сонымен қатар, 16 оқушыға 245 000 теңге көлемінде демеушілік қаржылай көмек көрсетілді.
Есептік кезеңде (тамыз–қыркүйек) 8 рейдтік іс-шара өткізілді, кәмелетке толмағандарды анықтау фактілері тіркелген жоқ. Әлеуметтік желілерде 49 жарияланым орналастырылды.
Кеңсе тауарларын төмендетілген бағамен сату бойынша 1 аудандық жәрмеңке өткізілді.