Температуралық режим, қысқы мезгілде сабақ өткізуді ұйымдастыру туралы

«Азаматтық қорғау туралы»Қазақстан Республикасы заңының 44-бабына сәйкес 2023-2024 оқу жылының қыс мезгілінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында және «Қолайсыз ауа райы  метеожағдайларында  орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығы  және Абай облысының білім басқармасының 2024 жылғы 21 қазандағы № 01-03/621 бұйрығының  негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Білім беру ұйымдарында сабақты тоқтатуда негіз болатын қолайсыз ауа райы метеожағдайларын ата-аналар мен білім алушыларға ұсынылатын көрсеткіштер осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында ата-аналар мен білім алушыларға сабақтың тоқтатылғандығы туралы ақпаратты, жауапты тұлғаларды, нысандармен әдістерді көрсетіп, уақытында хабардар ету осы бұйрықты 2- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. «Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінге білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығының 1 қосымшасының 3-тармағына сәйкес қолайсыз ауа – райы метеожағдайларында сабақ өткізу қашықтықтан ұйымдастырылсын.
  4. Аудандық білім беру мекемелерінде ата-аналар мен білім алушыларға сабақтың тоқтатылуы туралы уақытында хабарлауға және сабақтың тоқтатылуына күн сайын мониторинг жасауға жауапты болып бөлімнің бас маманы Р. А. Оразалин тағайындалсын.
  5. Ауданның білім беру мекемелерінің басшылары қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылғандығы туралы ақпаратты білім беру бөлімінің жауапты тұлғасына осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес уақытында хабарлаулары қажет.
  6. Барлық білім беру мекемелеріне осы бұйрық жеткізілсін.
  7. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

 

 

Бөлім басшысының

міндетін атқарушы                                                              М.К. Кәдірбеков

Дата публикации
23 января 2025