"Айналайын" бөбекжай-бақшасы " КМҚК Бесқарағай ауданының
білім бөлімі Абай облысы білім басқармасының қамқоршылық кеңесі сайлау туралы конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Абай облысы білім басқармасының "Бесқарағай ауданының білім бөлімі" ММ Абай облысы Білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Айналайн "бөбекжайы" КМҚК қамқоршылық кеңесін сайлау туралы конкурс жариялайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы 15 ақпаннан – 2024 жылғы 5 наурыз күніне дейін.
Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданының білім бөлімінің "Айналайн" бөбекжайы " КМҚК қамқоршылық кеңесінің құрамы
1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлердің ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен мектепке дейінгі ұйымдар ұсынады
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Құжаттар 2024 жылғы 5 наурыз күніне дейін "Бесқарағай ауданы білім бөлімі" ММ ББ Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі 39, телефон 87223991444,90506, электрондық мекен-жайы бойынша беріледі roobeskaragai@mail.ru.