
Білім беру ұйымдарында адалдық пен ашықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізілуде. Түсіндіру іс-шаралары, «Адалдық сағаттары», оқушылар мен ата-аналармен кездесулер өткізіледі, ақпараттық бұрыштар жаңартылып отырады. Мектептерде «Адал Ұрпақ» клубтары (21 клуб) жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша акциялар мен жобалар жүзеге асырылуда.
Негізгі мақсат — сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ортасын қалыптастыру және білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру.