
Кәдірбеков Медет Кәдірбекұлы 02 наурыз 1990 жылы Ақсуат ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын алғашқы әскери дайндық пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
01.09.2011 – 01.09.2013 жыл – ШҚО ББ №17 «Кәсіптік лицей» КММ АӘД пәні оқытушысы, Ақсуат ауылы.
01.09.2013 – 22.10.2020 жж. – ШҚО ББ «Тарбағатай колледжі» КММ директорының орынбасары, Ақсуат ауылы
22.10.2020 – 18.10.2022 жж. ШҚО ББ «Күршім колледжі» КММ директоры, Марқакөл ауылы
18.10.2022 – 19.02.2023 жж – ШҚО ББ «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ директоры (қосылу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты атауы өзгертілді)
21.02.2023 – 18.09.2024 жж – Абай облысы ББ «Бесқарағай колледжі» КММ директоры, Бесқарағай ауылы
18.09.2024 ж қазіргі уақытқа дейін - Абай облысы білім басқармасының «Бесқарағай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы