GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Бөлім туралы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
16 апреля 2025
«Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» 4-ҮББ іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі анонс

Баянауыл ауданы білім беру бөлімі «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 2 мамыр мен 17 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін болады.

Бұл жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою тәртібін анықтайды.

10 апреля 2025
Аудандық "Бүлдіршін фестивалі" өтті

2025 жылдың 9 сәуір күні мектепке дейінгі балалар шығармашылығының «Бүлдіршін» фестивалінің аудандық кезеңі өтті. Репертуарлары вокал жанры, хореографиялық жанры, аспаптық жанр (балалар оркестрі), көркемсөз жанрлар бойынша 136 тәрбиеленуші қатысты. Аудандық кезеңнен облыстық кезеңге 9 шығармашылық топ жолдама алды.2025 жылдың 24 сәуір күні М.Катаев атындағы оқушылар сарайында облыстық іріктеу байқау «Бүлдіршін» фестивалінде Баянауыл намысын қорғауға 9 шығармашылық топ қатысады. Барлық бүлдіршіндерімізге шын жүректен сәттілік тілейміз!

 

02 декабря 2024
Баянауыл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру

Баянауыл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында                                        2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру

 

 

«Баянауыл ауданының білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) Баянауыл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:

  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;

Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;

  • мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;
  • санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен жасалған шартты;
  • педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесін;
  • ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.

Құжаттар ұсынылғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер («электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарламалар;
  • медициналық қызмет көрсетуге лицензиялар және (немесе) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсетуге) шарт жасалған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен шарттар;

3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден/қайта тіркеуден өткендігі туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (жалға алынған) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нысандарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» № 29/қе бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;

5) конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

        Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Баянауыл с., Қ.Сәтбаев к-сі 27 үй, 2024 жылғы 09-11 желтоқсан аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе электронды пошта арқылы bayanaul_roo@mail.ru.

Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2024 жылғы 12 қазанға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.

 

 

 

 

Баянауыл ауданының білім беру бөлімі

25 сентября 2024
"БІР ТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасын іске асыру

Білім беру басқармасының "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын білім беру мекемелерінде жүзеге асыру туралы семинары Қаражар жалпы орта білім беру мектебінде өтті.

Семинарға балабақша, қосымша білім беру, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мекемелерінің басшылары, тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, әдіскерлері қатысты.

Семинарда - облыстық шығармашылық топ мүшелері бағдарламаның жүйелі жүзеге асуы туралы негізгі жолдарын көрсетіп, бағдарламаның білім беру ұйымдарында қолданылатын негізгі бағыттарына шолу жасады.

25 сентября 2024
Ата-аналар мен оқушылар назарына!

Шәкенова Сәуле Сәбитқызы

Павлодар облысының бала құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілі

25 сентября 2024
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР!

Егер сіз кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылық туралы білсеңіз, сізден "bala QORGAU"чатына ақпарат жіберуіңізді сұраймыз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы