2024 жылы "Баянауыл ауданының білім беру бөлімі" ММ мемлекеттік қызметтің 22 түрі бойынша 4644 қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз нысанда - 4502, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 93 қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы – 49 қызмет көрсетілді.
Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталын танымал ету мақсатында Zoom бағдарламасы (мектептер, балабақшалар) арқылы ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында түрлі іс-шаралар өткізілді.
Білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметтерді алуы бойынша материалдар БАҚ-та жарияланады. Сондай-ақ білім беру мекемелерінің сайттарында мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылған.
"Баянауыл ауданының білім беру бөлімі" ММ ғимаратында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған "кедергісіз орта" құрылған, пандустар, тұтқалар, кең кіру/шығу, құлақтандыру түймесі, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
"Баянауыл ауданының білім беру бөлімі" ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.