"Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 ақпандағы № 31 қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Облыс әкімі |
Д. Сатыбалды |
|
|
А.Ш. Жетпісбай |
|
|
|
Е.А. Әлімқұлов |
|
|
|
Е.Кенжеханұлы |
|
|
|
Б.Д.Тәжібаев |
|
|
|
Қ.Ә. Қайыпбек |
|
|
|
А.Б. Тасыбаев |
|
|
|
|
Түркістан облысы әкімдігінің |
|
"Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Басқарма "Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" және "Түркістан облысының еңбек инспециясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемелерінің барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) Түркістан облысының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру;
2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақталуы бойынша мемлкеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және еңбек саласындағы заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
1) құқықтары:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алуға;
техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алуға;
салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тартуға;
өз құзыреті шегінде облыс әкімдігінің қаулыларының және (немесе) әкімнің шешімдерінің, өкімдерінің жобасын дайындауға қатысуға;
белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыруға, олардан Басқарманың қызметі үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының орындалуы бойынша белгіленген тәртіппен және құзіретті шегінде тексеруді және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандарын жүзеге асыруға;
комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
Түркістан облысы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардан талдау жұмысын қамтамасыз ету және Басқармаға жүктелген орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды атқарады.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
заңнамамен белгіленген тәртіппен соттарда құқықтар мен мүдделерді қорғауды ұйымдастыру және талап-тілек қызметін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы субъектілердің қызметіне бақылауды және қадағалауды жүргізу;
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүргізу;
3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 320-бабында көрсетілген шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;
10) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы:
жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;
хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;
лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;
орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;
мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;
атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;
объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;
техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын жүзеге асырады;
11) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
12) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
13) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
15) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек заңнамасын сақтау, оның ішінде қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
16) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;
17) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезектік есептерді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсыну;
18) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;
19) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты беру;
20) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;
21) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
5) бірінші қол қою құқығы бар;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
7) Басқарма қызметкерлері орындауы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК