Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен анықталған тәуекелдер

Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Т. Байтурсыновтың 2026 жылғы 13 мамырдағы №41-н/қ бұйрығына сәйкес жүргізілді.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты.

 

  • Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау;
  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • Мүдделер қақтығысын реттеу;
  • Бақылау функцияларын іске асыру;
  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша.   

          Ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 01 мамыр – 19 маусым аралығы.

          Ішкі талдау жүргізілетін кезең: 2025 жылғы 01 қазан – 2026 жылғы 01 маусым аралығы.

Қорытынды
Дата публикации
13 августа 2026