Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісі үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігі конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 қарашадан бастап 2025 жылдың 12 желтоқсанға дейінгі аралықта Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3, 2-і қабат, кабинет №214 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурстың өтетін күні, уақыты және орны: конкурс қорытындысы Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3 үй, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 15.00-де шығарылады.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі:
|
№ лот |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Мөлшерленген орташа бонитет баллы
|
Ауданы, га |
Жалға алу мерзімі, жыл |
|
1 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (шие бағы) |
Балқаш қ., Ет комбинатының оңтүстік-шығысында |
5 |
0,5 |
10 |
|
2 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., бұрынғы Қоңырат кентінің солтүстік-батысқа қарай |
5 |
3500 |
10 |
|
3 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 7 шақырым оңтүстік-батысқа қарай |
9 |
1400 |
10 |
|
4 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 24 шақырым батысқа қарай |
9 |
2300 |
10 |
|
5 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 15 шақырым солтүстікке қарай |
9 |
2000 |
10 |
|
6 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 15 шақырым солтүстікке қарай |
9 |
2000 |
10 |
|
7 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 15 шақырым солтүстікке қарай |
9 |
2000 |
10 |
|
8 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 20 шақырым оңтүстік- шығысқа қарай |
9 |
2500 |
10 |
|
9 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 20 шақырым оңтүстік- шығысқа қарай |
9 |
2500 |
10 |
|
10 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., бұрынғы Қоңырат кентінің солтүстік-батысқа қарай |
5 |
2052 |
10 |
|
11 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 70 шақырым батысқа қарай |
9 |
3500 |
10 |
|
12 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 20 шақырым солтүстікке қарай |
9 |
3500 |
10 |
|
13 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 32 шақырым батысқа қарай |
9 |
2000 |
10 |
|
14 |
Ауыл шаруашылығы өндірісі (жайылым) |
Балқаш қ., Саяқ кентінен 20 шақырым батысқа қарай |
9 |
1600 |
10 |
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «жылғы __________»_____ » дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады www.balkhash.gov.kz немесе тел.: 8(71036)41059 «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ.
Қарағанды облысында күзгі ағаш егу науқаны басталды. Өңірдің қала және аудандарында жалпы саны 300 мыңнан астам көшет егу жоспарланған.
Бұл шараға кез келген тұрғын атсалыса алады. Орманды қалпына келтіру ісінде заманауи технологияларға айрықша көңіл бөлінуде. Аймақта жабық тамыр жүйесі бар орман тұқымбақ станциясын салу қолға алынбақ. Мұндай әдіс егілетін көшеттердің сапасын арттырып қана қоймай, олардың жерсіну деңгейін де едәуір жоғарылатады.

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш егу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында орман алқаптарын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, 2027 жылға дейін 2 мың гектардан астам аумақта шамамен 7 млн көшет егу көзделген. Бүгінде орман және жануарлар дүниесін қорғау ісін үш мемлекеттік мекеме – Қарағанды, Қу және Ақтоғай орман шаруашылықтары атқарып отыр.
Қарағанды облысында күзгі ағаш егу науқаны басталды. Өңірдің қала және аудандарында жалпы саны 300 мыңнан астам көшет егу жоспарланған.
Бұл шараға кез келген тұрғын атсалыса алады. Орманды қалпына келтіру ісінде заманауи технологияларға айрықша көңіл бөлінуде. Аймақта жабық тамыр жүйесі бар орман тұқымбақ станциясын салу қолға алынбақ. Мұндай әдіс егілетін көшеттердің сапасын арттырып қана қоймай, олардың жерсіну деңгейін де едәуір жоғарылатады.

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш егу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында орман алқаптарын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, 2027 жылға дейін 2 мың гектардан астам аумақта шамамен 7 млн көшет егу көзделген. Бүгінде орман және жануарлар дүниесін қорғау ісін үш мемлекеттік мекеме – Қарағанды, Қу және Ақтоғай орман шаруашылықтары атқарып отыр.

– Биылдың өзінде 400 гектардан астам аумақта 1,6 млн-нан аса қарағаш, үйеңкі және қарағай көшеттерін отырғызамыз. Көктемде шамамен 1,3 млн көшет егілсе, қазір күзгі науқан жүріп жатыр. Күзде тағы 300 мыңнан астам ағаш егіледі, – деді Бахтияр Санбаев.
Өңірді егу материалымен қамтамасыз ету үшін Новодолинка ауылындағы орман тұқымбағы жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын 1,3 млн стандартты көшет өсіріледі. 2027 жылға қарай оның қуаттылығын екі есеге жуық арттыру жоспарланып отыр.

– Қазіргі таңда облыс тұқымбақтарында 2,5 млн-ға жуық түрлі ағаш көшеті бар. Негізінен үйеңкі, қарағаш пен қарағай өсіріледі. Бұған қоса, алдағы жылдарға арналған тұқым қоры да дайындалған. Тек биылдың өзінде 4 тоннадан астам тұқым жиналды. 2027 жылға дейін шамамен 4 млн жаңа көшет өсіруді жоспарлап отырмыз, – деді басқарма басшысы.
Орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасы да нығайтылуда. Биыл автокөліктер, тракторлар, соқалар және өзге де арнайы техникалар сатып алынды.

Жабық тамыр жүйесі бар орман тұқымбақ станциясының құрылысы орман қорын ұлғайтудағы маңызды қадам болмақ. Бұл технология көшеттерді далалық жағдайға барынша бейімделген күйде егуге мүмкіндік береді.
– Қазір біз негізінен тұқымды орманнан жинап, Көкшетаудағы станцияға жібереміз. Онда тұқымдар тазаланып, сапасы тексеріледі. Кейін олар біздің тұқымбақтарға жеткізіліп, өсіріледі де екі жылдан соң орман қорына қайтарылады. Алайда ашық топырақтағы көшеттердің жерсіну пайызы әлі де төмен. Жаңа станцияда арнайы субстрат арқылы көшеттерді жабық жүйеде өсіреміз. Осылайша ағаштар тамыр жүйесі қалыптасқан топырағымен бірге егіледі. Бұл тәсіл жерсіну көрсеткішін қазіргі 60%-дан 70–80%-ға дейін арттырады, – деп жоспарларымен бөлісті спикер.
Сонымен қатар орманға жарамды аумақтар да кеңейтілуде. Қосымша 6 мың гектардан астам жер мемлекеттік орман қорына берілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында кез келген тұрғын күзгі ағаш егу науқанына қатыса алады. Қарағанды орман тұқымбағында сатылымға үйеңкі, қарағаш, қараған, қарағай және шағанның биіктігі 1–2 метрлік көшеттері ұсынылған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1074652?lang=kk
Акцияға Балқаш қаласының әкімдігі, балық инспекциясы, Балқаш-Алакөл инспекциясы, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы қатысты.
Күзгі тазалық айлығы 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін жалғасады.
Табиғатты бірге қорғау үшін келесі экологиялық шара 4 қазан күні ұйымдастырылады.
Қаламыздың тазалығын бірге сақтайық!
Бүгін орталық саябақта өткен сенбілікке 15-тен астам мекеме, жас мамандар, студенттер мен волонтерлер қатысып, барлығы 200-ге жуық адам тазалық жұмыстарына атсалысты. Қала аумағын абаттандыруға арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Kazakhmys Smelting компаниясы да ат салысты.
Сенбілік нәтижесінде 200 қап және 50 тонна қоқыс шығарылды.
Күзгі тазалық айлығы 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін жалғасады. Бұл кезеңде қаланың әр аумағында сенбіліктер, бейсенбіліктер және экологиялық акциялар өткізіледі.
Таза қала – өзіміз үшін!
Республикалық “Таза Қазақстан” бағдарламасы – бұл қоқыс жинап, аумақтарды абаттандыруға бағытталған экологиялық бастама ғана емес. Бұл – қоршаған ортаны ғана емес, сондай-ақ ойымызды, ісімізді, туған жерімізге деген қарым-қатынасымызды тазалыққа шақыратын жаңа қоғамдық идеология.
Соңғы бір айдың ішінде “Арғымақ” гараждар аумағында рұқсатсыз қоқыс үйіндісін жою жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Осы уақыт аралығында шамамен 2500 тонна қоқыс шығарылды. Бұл күш-жігер – үлкен жолдың басы ғана. Алдағы уақытта осындай шаралар қаланың басқа бөліктерінде де жалғасатын болады.
Алайда, рұқсатсыз қоқыс тастау мәселесі біз, тұрғындар, өз қаламыздың, өз еліміздің – ортақ үйіміз екенін терең түсінбейінше жойылмайды. Қоршаған ортаға деген көзқарасымызды өзгертпейінше және қоқыс тастауды тоқтатпайынша, ол қайта-қайта жинала бермек.
“Таза Қазақстан” бағдарламасы әрқайсымызды айналамыздың тазалығына деген жеке жауапкершілікті сезінуге шақырады. Тек бірлескен күш-жігерімізбен, табиғатқа саналы көзқарас пен қарапайым тазалық ережелерін сақтай отырып, қаламызды да, елімізді де шынымен таза әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз.
Есімізде болсын: тазалық – әрқайсымыздан басталады. “Таза Қазақстан” жай ғана бағдарлама емес, өміріміз бен мәдениетіміздің бір бөлігіне айналсын.
Қала аумағында заңсыз қоқыс орындарын жою және иесіз ғимараттарды ретке келтіру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Мақсатымыз – тұрғындар үшін таза, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру.
Қала аумағында және Тораңғалық кентінде санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Көшелер мен қоғамдық орындарда тұрмыстық қалдықтарды шығару және абаттандыру шаралары атқарылып келеді. Сонымен қатар анықталған заңсыз қоқыс үйінділері арнайы техника күшімен жойылуда.
Аталған жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау.
2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оның бар игілігі елді дамытып, халықтың тұрмысын жақсартуға арналуы керек. Мен игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауылшаруашылығы жерлерін кері қайтарып, оны қайта бөлу туралы тапсырма бердім. Жер иесіз қалмауға тиіс, жерді тек қана оның қадірін білетін азаматтарға беру керек. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ, әкімдіктер соның 6 миллион гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп берген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қажет. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс", – деді Президент.
Жалпы, жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет, деп есептейді Мемлекет басшысы.
"Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай, жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет. Бұл салада цифрлық технологияларды кеңінен қолдану айрықша маңызды. Қазірдің өзінде космомониторинг және геоталдау жүйесі пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оның бәрін қайтаруға септігін тигізіп жатыр. Жұмысты жалғастыру қажет", – деді ол.
Айтуынша, жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек.
"Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді-дақылдардың жай-күйіне және қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс. Бұл – орман шаруашылығына да қатысты мәселе. Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың гектар орманның иесіз жатқаны анықталды. Бұдан бөлек, жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеу керек. Оған кадастрлық мәліметтерді, инфрақұрылымға және жер қойнауын пайдалануға қатысты ақпаратты кіріктіру қажет", – деді Мемлекет басшысы.
https://inbusiness.kz/kz/news/zher-tek-onyn-kadirin-biletin-azamattarga-berilui-tiis-prezident
Биыл Балқашқа 300 мың турист келді. Бұл былтырғыдан үш есе көп, деп хабарлайды 24kz.
Демалушылардың көптігінен коммуналдық мекеме жұмыскерлері мен экобелсенділерге айтарлықтай салмақ түскен. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаладан 700 тонна қоқыс шығарылды. Соның дені туристік маусым қызған шақта жиналған.
Биыл Балқаштағы «Жасыл ел» еңбек жасағына 250 жас тартылды. Олар жаздай аптап ыстықта күн сайын жүздеген қап қоқыс жинады. Туристік маусымның ең қызған шағында қалаға үш күнде 60 мың турист келді. Осыған байланысты коммуналдық қызмет пен еңбек жасақтарына еріктілер тобы көмектесті.
Эльвира Зекенова, Балқаш қаласы жастар ресурстық орталығы директорының м.а.: - Демалуға келушілердің саны артуына байланысты «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы екі еселенді десем қателеспеймін. Осы жылы бес мыңға жуық қапты шығарды. Оның барлығы жағалауда және көшелерде шашылған қоқыстар.
Қалада 80 мың адам тұрады. Күнделікте кемінде 30 жүк көлігі толы қоқыс шығарылады. Ал туристік маусымда жұмыс еселене түседі. Қала ішіне және Тораңғылық, Шұбартүбек сияқты демалыс аймақтарына қосымша көлік бөлуге тура келді. Бұған қоса 250 қоқыс контейнері қойылды. «Дегенмен, демалушылардың экологиялық мәдениеті әлі де көңіл көншітпейді», - дейді жергілікті билік өкілдері.
Данияр Серіков, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары: - Қала бойынша екі мердігер жұмыс жасайды. Біреуі рұқсат етілмеген қоқыстар бойынша, екінші мердігер сағат бойынша жұмыс жасайды. Олар күнделікті контейнерлік алаңдардың маңайындағы қоқыстарды күнделікті режимде шығарып отырды. Иә, көп туристердің мәдениеті орта деңгейде деп айтамыз. Себебі жағалауларың барлығына контейнер қойдық, 280-дік урналар қойдық. Оның барлығы күнделікті толып отырды. Күнделікті тазаладық.
Жыл басынан бері қаладан 700 тонна қоқыс шығарылды. Соның дені жазда жиналды. Қала аумағында заңсыз төгілген 86 қоқыс үйіндісі анықталған. Оның бірсыпырасы құрылыс қалдықтары болса, кейбірі кәсіпкерлік нысандардан, демалыс орындарынан шығарылды. Қазір рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерінің 50-і жойылды. Мұндай жағдай қайталанбас үшін аумақтарға бейнебақылау орнатылып жатыр.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekologiya/730386-balkashtan-700-tonna-kokys-shygaryldy
2025 жылғы 8 қыркүйекте Балқаш қаласында «Суды сақтаңыз!» атты экологиялық акция өтті. Шараны Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «AMANAT» партиясының Балқаш қалалық филиалы бірлесе ұйымдастырды.
Бұл іс-шара 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткізіліп, өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға және су ресурстарына ұқыпты қарауға бағытталды.
Акцияға қатысушылар — «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары, «AMANAT» партиясының Балқаш қалалық филиалының қызметкерлері және Қарағанды облысының экология департаментінің өкілдері — Балқаш көлінің жағалауын тұрмыстық қоқыстан тазартып, қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударды.
Экологиялық шараға қала тұрғындарын қоса алғанда, 70-тен астам адам қатысты. Нәтижесінде 50-ден астам қап қоқыс жиналды.
«Суды сақтаңыз!» акциясы — Қарағанды облысында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады және азаматтарды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ынталандыруды көздейді.
Барша жанашыр азаматтарды осындай игі бастамаларға қосылуға, туған өлкеміздің тазалығы мен амандығы үшін бірге атсалысуға шақырамыз!