2025 жылғы 15 қазан күні «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық және қала маңындағы жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізді.
Конкурс комиссиясының шешімі бойынша №1 лот бойынша жеңімпаз болып «Орталық Транс Сервис» ЖШС танылды. Аталған компания келесі маршруттарды қызмет көрсету құқығына ие болды:
🚌 №2 — Автостанция – Балқаш станциясы
🚌 №7 — Автостанция – Ботаникалық бақ
2025 жылғы 1 қарашадан бастап аталған тасымалдаушы осы маршруттарды қызмет көрсетуді бастайды.
Маршруттардың қозғалыс кестесі мен сызбасы өзгеріссіз қалады.
🌱«Балқаш қаласының ТКШ, АЖ және ЖК бөлімі» ММ-і, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш қаласында өткен сенбілікке белсене қатысты.🌳🌱