Коммуналдық шаруашылық

1.1. Балқаш қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Бөлім») Балқаш қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары саласында басқару қызметін орындайды.

1.2. «Бөлім» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативті-құқықтық акттілеріне және осы Ережеге сәйкес атқарады.

  1. Коммуналдық шаруашылық секторының негізгі функциялары мен міндеттері

 


2.1. Балқаш қаласының әлеуметтік — экономикалық даму болжамдарының, инвестициялық бағдарламалар мен даму болжамдарының жай-күйін талдауға және әзірлеуге қатысады.

өз құзыреті шегінде жобаларды іске асыру.

2.2. «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету», «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», «Коммуналдық меншіктегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру», «Шағын қалаларды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету», «Елді мекендердегі көше жарығын қамтамасыз ету», «Коммуналдық шаруашылықты дамыту», «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру», сондай-ақ елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларына ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу» бюджеттік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. ".

2.3. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша жеке және заңды тұлғалардың кіріс хат-хабарлары мен өтініштерін қарау.

2.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.

Дата публикации
15 сентября 2025