Жиделі ауылында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Жиделі ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Алмат Мейірханұлы және ауылдық учаскелік полиция инспекторы Әбіл Абылай қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтықтан қорғану және жастар арасындағы тәрбие мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігінің маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ауылдың қауіпсіздігі мен тыныштығын нығайту бағытында ұсыныстарын ортаға салды.
Қоғамдық қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлескен іс-қимыл мен жауапкершілік қана қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға негіз болады.
Балқаш ауданы Жиделі ауылында жаңа демалыс саябағының салтанатты ашылуы өтті. Ауыл тұрғындары көптен күткен нысанның пайдалануға берілуі халық үшін ерекше қуанышты оқиға болды. Іс-шараға Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов қатысып, тұрғындарды жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі ауылдарды көркейту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жаңа саябақ ашылған сәттен бастап ауыл балалары ойын алаңдарында асыр салып ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары аудан басшылығына және саябақ құрылысына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын жеткізіп, мұндай игі жобалардың ауылдың дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Жаңа нысан ауылдың көркеюіне өз үлесін қосып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қызмет етпек.
“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Жиделі саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Игі шара барысында саябақ аумағын көгалдандыру мақсатында көшеттер отырғызылды.
Жасыл желек – келер ұрпаққа қалатын аманат!
Ауылымыздағы "Балбөбек" шағын орталығына арнайы барып, ондағы балалардың жалпы жағдайымен, оқу-тәрбие үдерісімен және орталықтың жұмыс барысымен танысып қайттым. Балалардың жарқын жүздері мен тәрбиешілердің жанашыр еңбегі көңілге қуаныш сыйлады. Орталықтағы тазалық, қауіпсіздік және оқу ортасының жай-күйі – ерекше назарда.
Алматы облысы, Балқаш ауданының әкімдігі (мекен-жайы: 040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі 64) 10 жыл мерзімге жалға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін төмендегі тізімде көрсетілген лоттарға сәйкес конкурс өткізетіндігін хабарлайды.
Жиделі ауылдық округінің ақсақалдар алқасы кеңесінің құрамын қайта құру бойынша жиын өткізілді.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» атты желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.