
«Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен Орақ-Балға шағын жинақталған бастауыш мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жұмысы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
Қазіргі жан-жақты дамыған саналы қоғам-білім мен біліктіліктің, бәсекенің өркениетті қоғамы. Еліміз әлемдік қоғамдастық пен дамыған экономикаға қадам басқан жағдайда оған ие болар бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – бүгінгі ұстаздардың мақсаттарының бірі.
Мектеп ғимараты 1964 жылы салынған. Округ бойынша оқушылар саны 244 оқушыны құрайды. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Орталықта 75 бала тәрбиеленіп жатыр. Мектепте барлығы 2022-2023 оқу жылында 42 мұғалім жұмыс істейді. Оның 36 жоғары білімді, 4 орта арнаулы. Жылыту түрі-сұйық отынмен. Мектепке 2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.