Желтораңғы ауылының әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Мекенжайы: Желтораңғы ауылдық округі, әкімшілік ғимараты,
Желтораңғы ауылы, Қ.Шағырұлы көшесі ✓2
Байланыс телефоны: 8(727)73 94 5 44.
2026 жылдың 12 қаңтарында Кеңес Одағының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ халқының ұлы тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай Желтораңғы ауылында еске алу шарасы өтті.
Іс-шара аясында ауыл тұрғындары Д.А. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тұлғаның ел тарихындағы рөлін үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар қатысушыларға Д.А.Қонаев атындағы мұражайға шолу жасалып, оның өмір жолы мен ел дамуына қосқан үлесі жайлы мағлұматтар ұсынылды.
Желтораңғы ауылдық округі бойынша мал шаруашылығын дамыту мақсатында көлемі 6,5 га, 73,5874 га жайылымдық жерлер шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге жалға беріледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында және "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 тамыздағы №281 бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау, газет бетіне жарияланған соң 30 күннен кейін, яғни 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылдың 19 қаңтарына дейін қабылданады.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін 2026 жылғы 19 қаңтар 10 сағат 00 минутке дейін мекен жайы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі 75 ғимаратының 1 қабатында орналасқан «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау (конкурстық құжаттама) 2026 жылғы 19 қаңтар 17 сағат 30 минутта аяқталады.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін конверттерге салынған конкурстық құжаттамаларды «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі №75 үй, 1 қабат) табыстайды.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2026 жылдың 20 қаңтарында 10 сағат 00 минутта (040300, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 64 ғимарат) аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ашылады.
Қосымша ақпаратпен анықтама алу үшін 8 (72773) 9-12-15, телефондары арқылы (Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі) хабарласуға болады.

Ауыл инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Аэродромная көшесінде тас жол төсеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.Жөндеу жұмыстары аясында биылғы жылы тас жолдың негізі жасалынып, 2026 жылы асфальтбетон төселеді. Қазіргі таңда арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, құрылыс белгіленген мерзімде аяқталуы жоспарлануда.Жол жөндеу жұмыстары кезінде жүргізушілер мен тұрғындардан түсіністік танытып, уақытша қолайсыздықтарға сабырлықпен қарауды сұраймыз. Бұл шаралар – болашақтағы жайлы өмір үшін жасалып жатқан маңызды қадам.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Желтораңғы ауылдық округ әкшілігінде «Ашық есік» күні өткізілді. Ауыл әкімі Шөбеев Ербол Серікбайұлы ауыл тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Желтораңғы ауылдық округінде жеке кәсіпкерлер Серікбай Ернұр және Ахметжанов Қайраттың демеушілігімен ауыл тұрғындары арасынан аз қамтылған 5 отбасыға азық-түлікпен соммасы 125000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні!
Бұл – шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мәдениет — ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші — зиялы қауым. Себебі әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт - дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Желтораңғы ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Батанов Алмас Сұлтанұлы қатысты. Сондай-ақ, басқармалар басшылары мен өкілдері, аудан активі, мекеме-бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Аудан әкімі А.Құтпанбетов өз баяндамасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен тоқталды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су, табиғи газ кіргізу, көше жарығы, жол жөндеу, денсаулық, сақтау және ауылға қажетті мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды.
16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мекеме қызметкерлері арасында волеболдан жарыс өтті. Жарысқа мекеме қызметкерлері, мектеп ұжымы қатысты. Жарыс жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.