Желтораңғы ауылының проблемалық мәселелері

Желтораңғы ауылының проблемалық мәселелері

№

  проблемалық мәселелер

ағымдағы жағдай

жауаптылар

1

Ауылдың Бірлік

көшесіне су құбыры тартылмаған

 

1987 жылы соғылған су құбыры 2008 жылы күрделі жөндеуден өткен. 2023 жылы Желтораңғы ауылының жалпы 7 шақырым құрайтын бірнеше көшелеріне ауыз су жүйесін тартуға  жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамалық қорытындысы алынған.        

    Сараптамалық қорытындыға сәйкес құрылыс жұмыстарының құны
459 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмысына алдын ала 200 млн.теңге бөлінген. Бүгінгі күнде құрылыс жұмыстарына конкурс беруге құжаттамалары дайындалуда.

 

А. Алтынбаев

А. Қамзаев

Е. Шөбеев

2

Д.А. Қонаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу

 

    Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 23 млн. теңге қаражаттың бөлінуі туралы кезекті мәслихат сессиясына ұсыныс берілетін болады. 

        Мектептің жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін 2025 жылы күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Б. Дарибаев 

А. Жұмабеков

Д. Ақмолдаева

Е. Шөбеев

3

ФАП ғимаратын соғу

Қазіргі уақытта жер учаскесі белгіленіп, жерге мемлекеттік акт дайындалуда. Осыдан кейін фельдшерлік-акушерлік пункт үшін блоктық модульдік контейнер орнатуға бюджеттік өтінім беріледі.

Д. Нұрманов  А.Жұмабеков

Қ. Ибраимова

Е. Шөбеев

4

Ауылға газ тарту

Алматы облысын газдандырудың өңірлік схемасына сәйкес Желтораңғы ауылының жобалық-сметалық құжаттамасы 2024 жылдың
III-жартыжылдығына белгіленген.  Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шыққаннан кейін 2025 жылға арналған құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру жоспарланып отыр.

 

А. Алтынбаев

А. Қамзаев

Е. Шөбеев

5

Ауылішілік 4 көшесіне (Аэродромная,  Жастар, Бірлік, Шағырұлы) тас жол (асфальт) төсеу

Аэродромная көшесіне сметалық құжаттама жасалған, жоба құны 44,0 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы жоба сараптамаға жолданады.

Ал Жастар, Бірлік, Шағырұлы көшелеріне ақаулық актісі әзірленуде. Аталған көшелерге ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында ЖСҚ жасауға сұраныс беріледі.

 

А. Алтынбаев

А. Қамзаев

Е. Шөбеев

Дата публикации
20 января 2024