
Желтораңғы ауылында 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана бар. Желтораңғы ауылдық мәдениет үйі 2003 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта 5 қызметкер жұмыс істейді. Мәдениет үйінде «Желтораңғы сазы» әжелер ансамблі, вокалды-аспаптық ансамбль, «Домбыра», «Оқу шеберлері» үйірмелері жұмыс істейді. Желтораңғы ауылдық кітапханасы 2004 жылы ашылды. Қазіргі уақытта 2 кітапханашы жұмыс істейді. Кітапханада 7050 кітап қоры, 1293 оқырманы бар. Кітапхана өз оқырмандарымен тығыз байланыста.