18 наурыз – Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған. Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі
Топар орта мектебінде "Ауған асуларында от кешкендер" тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.
Алматы облысының Полиция департаменті мен облыстық цифрландыру басқармасының қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Топар ауылында «Қоғамдық қауіпсіздік» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Бейнебақылау камералары ауылдағы қауіпсіздікті арттырып, құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және оларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытында атқарылып жатқан бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы, Топар ауылы бойынша бойынша 9 бейнебақылау жүйесі орнатылады.
Балқаш ауданының әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы 27.02.2025 Топар ауылының халқымен кезекті есеп беру кездесуін өткізеді
Ауыл әкімі К.Нургожаев бүгінгі таңда 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы Топар ауылының халқымен кезекті кездесуін өткізді.
Ауылдық округ әкімі К.Нұрғожаев мен Аманат партиясы "Топар БПҰ" төрағасы Аденов.С көпбалалы отбасылардың балаларына Жаңа Жылға қарсы сый-сияпат көрсетті.
Топар ауылынның әкімі К.Нұрғожаев мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа Жыл қарсанына орай сыйлықтар берді.
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Топар ауылында бүгін Қалабаев, Қоспаев,Бекқұлов көшелеріне түнгі жарық жаңадан орнатылды.