Құрметті Миялы ауылының тұрғындары.Сіздері 21.05.2026 күні ауыл тазалығына ат салысуға шақырамыз.
Ел игілігі жолында қызмет атқарып, сан түрлі өнерді бойына сіңірген талант иесіне құрмет көрсету мақсатында 16.04.2026 күні Миялы ауылдық округі Мәдениет үйінде "Мәдениет пен еңбек тұлғасы"-тақырыбында ақын, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, "Еңбек Даңқы" орденінің иегері, "Халықаралық Д.Қонаев" қорының Вице-Президенті,Алматы облысы және Балқаш ауданының Құрметті азаматы, Әлем Халық жазушылар одағығың құрмет иесі, "Өркениет әлемі" қоғамдық бірлестігінің Вице Президенті, "Желтоқсан" және Ішкі істер органының ардагері Жанботаевтың Дәулетбек Құрманәліұлының шығармашылық кеші өтті.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Миялы округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Мекенжайы: Миялы ауылдык округі, әкімшілік
ғимараты, Миялы ауылы, Қасымбеков 14
Байланыс телефоны: 87277353367
Балқаш ауданы Мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен өтетін "Өнер әлемі" атты концерті өтті.
Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін; туыстарына,достарына,ата-аналарына,балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады.Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ екендігін жеке кәсіпкердерге түсіндірілді
Миялы ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Зауланбаев Әбдіғалидың 2023 жылға есеп беру жиыны.
Миялы ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудандық Мәдениет үйі саласының қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен "Ән жырым саған -Туған ел" атты мерекелік концерт ұйымдастырылып , ауыл тұрғындарына керемет көңіл күй сыйлады.
Миялы ауылдық округінде қарттар мерекесіне орай Қарттар – біздің асыл қазынамыз атты мерекеліс іс-шара мен мерекелік дастархан жайылып қарттарымызға сый,құрмет көрсетілді.
Бұл мереке - ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерейлі шақ.
1-қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел.
Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.
12 қыркүйек сағат 09-00-де аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Құтпанбетовтың халықпен кезекті кездесуі өтті.Кездесуге ауыл тұрғындары, мектеп, балабақша ұжымы, мекеме қызметкерлері қатысты
Аудан әкімінің халықпен есепті кездесулерінде, басқа да түрлі жиындар да ауыл тіршілігі мен тұрмысына қатысты тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін тақырыптың бірі – көшелерді жарықтандыру мәселесі болатын.Осы мәселелер толықтай шешіліп Миялы ауылдық округінің көше бойлары толықтай жарық жүйесімен қамтамасыз етілді. Миялы ауылының Жүнісбаев,Қасымбеков,Жеңіс ,Алимов көшелеріне толықтай жарық жүйелері орнатылды. Көшелердің бойына орнатылған көше шамдары, ауызсу, газ, жол және байланыс салалары секілді ауыл мәдениеті мен көркінің ажырамас бөлігі іспетті.