GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Бөлім туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
04 августа 2026
Сіздерді 2026 жылғы 5 қыркүйекте өтетін Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл-FEST» фестиваліне шақырамыз!

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 2026 жылғы 5 қыркүйекте өтетін Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл-FEST» фестиваліне шақырамыз!
Бұл ерекше мерекеде сіздерді жарқын эмоциялар мен қызықты кездесулер күтеді.
Фестиваль бағдарламасында:
әсерлі концерттік шоу;
«Қазақша сөйлейік!» Talk&Play интерактивті алаңы;
ұлттық тағамдар көрмесі;
«Qazaq Brand Market» жәрмеңкесі;
қызықты ойындар, квиздер және түрлі байқаулар өтеді.
Ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталады!

Бұл – тіл мен мәдениет тоғысқан, достық пен бірлікті дәріптейтін үлкен мереке.
Отбасыңызбен, достарыңызбен бірге келіңіздер! Көріңіздер!
Қызықты бағдарламаларға қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоцияға ие болыңыздар!
«Тіл-FEST» фестивалі.
5 қыркүйек,сағат 10:00.
Қарағанды қаласының Орталық саябағы.
Баршаңызды асыға күтеміз

 

03 августа 2026
Балқаш қаласында орналасқан автобекет, әуежай және теміржол вокзалының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, тілдер орталығының оқытушылары, кітапхана қызметкерлерінен құралған мобильдік топ Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және тіл мәдениетін дамыту, сонымен қатар заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында Балқаш қаласында ораналасқан халыққа қызмет көрсету салаларын қамтитын нысандардың атап айтсақ автобекет, теміржол вокзалы, аэропорт, дүкендер, кафелердің қызметкерлеріне тіл туралы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

30 июля 2026
Балқаш қаласында орналасқан халыққа қызмет көрсету салаларын қамтитын нысан қызметкерлеріне тіл туралы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, тілдер орталығының оқытушылары, кітапхана қызметкерлерінен құралған мобильдік топ Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және тіл мәдениетін дамыту, сонымен қатар заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында Балқаш қаласында ораналасқан халыққа қызмет көрсету салаларын қамтитын нысандардың атап айтсақ банктер, Халыққа қызмет көрсету орталығы, дүкендер, кафелердің қызметкерлеріне тіл туралы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Тілдерді дамыту
29 декабря 2025
Тілдерді тегін оқыту курстарына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасындағы 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасы аясында «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ 2025 жылы мемлекеттік тілді ұзақ және қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары бойынша 280 тыңдаушыны оқытты.

Ағылшын тілі курстары бойынша 180 тыңдаушы білім алып, оқуын аяқтады.

2024 жылдан бастап орталықта түрік тілін оқыту топтары ашылды. Нәтижесінде 42 тыңдаушы сертификат алды, ал 2025 жылы курсты 31 тыңдаушы аяқтайды.

Қазақ тілін үйренушілер үшін орталықта «Маржан сөз» клубы, ал ағылшын тілін үйренушілер үшін «English Time» клубы жұмыс істейді.

Сөйлесу клубтарына тіркелу және тіл үйрену курстарына қатысу толығымен тегін жүзеге асырылады.

Қаламыздың ересек тұрғындарын тіл үйренуге шақырамыз!

Тілдерді дамыту
29 декабря 2025
Тегін тіл оқыту курстарына қош келдіңіз!
  • Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ 2025 жылы мемлекеттік тілді ұзақ және қысқа мерзімді оқыту бойынша 280 тыңдаушы оқытты.
  • Ағылшын тілі бойынша 180 тыңдаушы оқып, аяқтайды.
  • 2024 жылдан бері орталықта түрік тілін оқыту топтар ашылып, 42 тыңдаушы сертификаталса, 2025 жылы 31 тыңдаушы курсты аяқтайды.
  • Орталықта қазақ тілін үйренушілер үшін «Маржан сөз» клубы, ағылшын тілін үйренушілерге «English time» клубтары жұмыс жасайды.
  • Сөйлесу клубтарына тіркелу, тіл үйрену курстары барлығы тегін түрде жүзеге асады. Қаланың ересек тұрғындарын тіл үйренуге шақырамыз.
Тілдерді дамыту
29 декабря 2025
Балқаш қаласының абыройын қорғады!

Балқаш қаласының намысын облыстық «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында қорғаған Халық банктің менеджері Лагутин Руслан Сергеевич жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды! 👏

🌟 Байқаудың мақсаты:
— мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау;
— тыңдаушылардың қазақ тілін үйренудегі қабілеттерін ынталандыру;
— өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

📌 Байқау үш кезеңнен тұрды:

1️⃣ «Сәлем – сөз анасы» — қатысушылар өзін қазақ тілінде таныстырып, сөз саптауы, сахналық мәдениеті мен шығармашылығы бағаланды.

2️⃣ «Білгенге маржан» сұрақ-жауап — Қазақстан, Тәуелсіздік, дәстүрлер туралы сұрақтарға жауап беру кезеңі.

3️⃣ «Ата – салтым, асыл қазынам» — мемлекеттік тілді қолдана отырып қазақтың салт-дәстүрін сахналық түрде көрсету.

Руслан Сергеевич барлық кезеңдерді абыроймен аяқтап, қаламыздың намысын жоғары деңгейде қорғады.

🇰🇿 Мемлекеттік тілге деген құрметі мен үлкен дайындықпен келген еңбегі үшін алғыс айтамыз!
Жетістіктеріңіз көбейе берсін!

Тілдерді дамыту
29 декабря 2025
Балқаш қаласының намысын қорғады!

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауында Балқаш қаласының намысын абыроймен қорғады! 👏

Халық Банкінің менеджері Лагутин Руслан Сергеевич облыстық «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында Балқаш қаласының намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

🌟 Байқаудың мақсаты:
— мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау;
— тыңдаушылардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасы мен қабілетін арттыру;
— өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

📌 Байқау үш кезеңнен тұрды:

1️⃣ «Сәлем – сөз анасы» – қатысушылар өздерін қазақ тілінде таныстырып, сөз саптауы, сахналық мәдениеті және шығармашылық қабілеттері бойынша бағаланды.

2️⃣ «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап) – қатысушылар Қазақстан, Тәуелсіздік және ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

3️⃣ «Ата – салтым, асыл қазынам» – мемлекеттік тілді қолдана отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін сахналық көрініс арқылы таныстырды.

Руслан Сергеевич байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жоғары дәрежеде көрсетіп, қаламыздың намысын лайықты қорғады.

🇰🇿 Мемлекеттік тілге деген құрметі, байқауға тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз!

Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!

29 декабря 2025
«Тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын зерделеу жұмыстары

Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің мамандары қаламыздағы емханалардың біріне Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Емхана ішіне ілінген көрнекі ақпараттар мен прейскуранттар бойынша мекеме қызметкеріне заң талаптары түсіндірілді.

Тілдерді дамыту
29 декабря 2025
Тіл заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу.

Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері қаладағы емханалардың бірінде тіл заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізді.

Көрнекі ақпараттар мен баға көрсеткіштерін рәсімдеу мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет саласы
29 декабря 2025
«Күй – құдірет»: Балқашта байқау жеңімпазы анықталды.

Балқаш қаласындағы М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында қазақтың шертпе күй өнерінің шебері, Қазақстанның халық әртісі Мағауия Хамзиннің шығармашылығын насихаттауға арналған «Күй – құдірет» атты күйшілердің ашық байқауы өтті.

Шығармашылық сайысқа Жамбыл облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағанды қалаларынан келген 14 қатысушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша:

Дипломанттар атанғандар:
— Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Нұрғиса Миязов;
— Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенті Қадыр Жұмабек;
— П. И. Чайковский атындағы музыкалық колледждің студенті Тәттімбет Әбілжан.

III орынға Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенті Ақжан Қали және Қосшы қаласы мәдениет үйінің қызметкері Мейрам Айтмағанбетов ие болды.

II орын Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері Әлия Құрмашқызы мен Нұрмұхаммед Жақановқа берілді.

I орынды Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің әртісі Сырым Шонбаев жеңіп алды.

Байқаудың Гран-при жүлдесі А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Нұрали Саятқа табысталды.

Ұйымдастырушылар тарапынан барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы