Құйған ауылдық округі аумағында күнделікті тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ерекше көңіл бөлінуде. Таза ауыл – берекелі өмірдің бастауы. Сондықтан туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құйған округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Мекенжайы: Құйған ауылдык округі, әкімшілік
ғимараты, Құйған ауылы, Омарбеков көшесі 23А
Байланыс телефоны: 8 72759 52155
Құйған ауылдық округінде маңызды инфрақұрылымдық жұмыс аяқталды. Ауыл ішіне су құбыры жүргізіліп, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңа су мұнарасы орнатылды.
Бұл жоба ауыл халқының тұрмысын жақсартып, су мәселесін түбегейлі шешуге бағытталған маңызды қадам болды. Таза ауыз суға қолжетімділік артып, ауылдың инженерлік-инфрақұрылымдық жүйесі айтарлықтай жаңғыртылды.
Құйған ауылдық округінде тұрғындар үшін үлкен қуаныш пен маңызды оқиға орын алды – жаңа заманауи саябақ ашылды. Бұл саябақ ауыл халқының бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулықты нығайтуына және балалардың қауіпсіз ойын алаңына ие болуына бағытталған.
Саябақ аумағында:
жаттығу алаңы – тұрғындардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді;
футбол алаңы – жасөспірімдер мен жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, командалық ойындарды дамытуға жағдай жасайды;
балалар алаңы – ең кішкентай тұрғындарға арналған қауіпсіз әрі заманауи ойын кеңістігі.
Жаңа саябақ – Құйған ауылдық округінің көркін арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының бір-бірімен қауышатын, спортпен шұғылданатын және жайлы демалатын ортақ орнына айналады.

Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес Балқаш ауданының әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы халықпен кездесу өткізеді:
12 ақпан 2025 жыл
Құйған ауылдық округі, Құйған ауылы, Мәдениет үйі, сағ. 10:00
Жиделі ауылдық округі, Жиделі ауылы, Мәдениет үйі, сағ. 12:00
Балатопар ауылдық округі, Балатопар ауылы, Мәдениет үйі, сағ. 15:30
Балқаш ауданы әкімдігі
Балқаш аудандық мәдениет өнерпаздарының ұйымдастыруымен "Өнер әлемі" атты концерт өткізілді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруда белсенділігі үшін Құйған ауылдық округі әкімі Ғ.Тықыровқа "Алматы облысы әкімдігінің" І дәрежелі дипломымен марапатталып,600 000 тг сертификат табысталды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Қара-Өзек елді мекенінде Jeyran Fishing Club жаңа демалыс нысанының құрылыс жұмыстарын бастады. Айта кетсек, қазіргі таңда аталмыш демалыс орнының бір обьектісі жұмыстарын бастап, келушілер күтуде!