GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
Спорт
20 мая 2026
Көктал ауылында спортзал ашылды.

8-мамыр күні Мәдениет үйінің ішінде ауыл жастарының демеушілігімен жап-жаңа, заманауи спортзалдың салтанатты ашылуы өтті! Бұл – ауылымыздың жастары үшін үлкен қуаныш әрі салауатты өмір салтын ұстануға жасалған керемет мүмкіндік. Туған жерінің гүлденуіне үлес қосып жүрген белсенді жастарымызға мың алғыс! 🏋️‍♂️💪
Игі шараның ашылу салтанатына құрметті қонақтар қатысып, лентасын қиды:
🔹 Балқаш ауданы әкімі – Құтпанбетов Азат Үкітайұлы;
🔹 Балқаш аудандық Мәслихатының төрағасы – Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы;
🔹 Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Хамзин Бақытжан.
Қонақтар ауыл жастарының бұл бастамасына жоғары баға беріп, жаңа спортзалдан ел намысын қорғайтын мықты спортшылар шығатынына сенім білдірді.
Жаңа спорт залымыз құтты болсын! Спортпен шұғылданып, шымыр болайық! 🥇🏆

Ішкі саясат
10 апреля 2026
"Құқықтық кабинет"

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Көктал округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Мекенжайы: Көктал ауылдык округі, әкімшілік
ғимараты, Көктал ауылы, Ә.Ахметов көшесі 16
Байланыс телефоХАБАРЛАНДЫРУ!
Көктал округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Мекенжайы: Көктал ауылдык округі, әкімшілік
ғимараты, Көктал ауылы, Ә.Ахметов көшесі 16
Байланыс телефоны: 8(747) 679 7714
ны: 8(747) 679 7714

Мәдениет
04 января 2024
Төрлет жаңа жыл

31-желтоқсан «Төрлет жаңа жыл» атты мерекелі кеш өтті. Шара барысында ауыл әкімі ауыл тұрғындарын жаңа жылмен құттықтай отырып, жыл үздіктерін марапаттады, үздік безендіру номинациясымен ФАП  мекемесі марапатталды. Мерекелік кеште мекемелер өз өнерлерін көрсетіп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мәдениет
04 января 2024
Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

16 желтоқсан күні Көктал ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – еліміздің ең басты мерекесіне арналған «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты еске алу кеші болып өтті. Биыл мереке маңызды мәнге ие болды және Тәуелсіздікке айтарлықтай үлес қосқан ұлттық батырларды еске алу күні ретінде атап өтілді. Еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығына бұдан әрі нығаюы үшін қызмет ету – бұл әрқайсымыздың адал борышымыз.

Ішкі саясат
30 ноября 2023
Ауыл тұрғындарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 21 қараша  күні аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы Көктал ауылдық округіне арнайы келіп, белгіленген кестеге сәйкес жергілікті халықпен кездесу жиынын өткізді.
Шалғай ауылдарға ат басын бұрған аудан әкімі өзінің іссапар барысында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің назарға алынып, барлық айтылған ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары қарастырылып, олардың дер кезінде орындалуы бақылауға алынатынын айтты.
Ауыл тұрғындары да аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, арнайы келіп кездесу өткізгеніне ризашылықтарын білдірді.

 

Мәдениет
03 ноября 2023
25 қазан Республика күні

Көктал ауылдық мәдениет үйінде 25 қазан күні Республика күніне арналған мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік іс-шара барысында ауыл әкімі А.Огизбаев көпшілікті Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін айтты. Концерт барысында патриоттық өлең жолдары оқылып, туған ел, атамекен тақырыбындағы әндер көрерменге жол тартты. 

 Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!

Мәдениет
03 ноября 2023
1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Көктал ауылында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға ауыл әкімі А.Огизбаев барша ауылдың қарияларын мерейлі мерекелерімен құттықтады. Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін ескеріп зейнет жасына шыққан қарттарды алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты шара ауылдың демеушілерінің ұйымдастырған мерекелік дастархан мәзірімен жалғасын тапты.

Білім
02 ноября 2023
1-қыркүйек – Білім күні

Ә.Ахметов атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры Ламбеков Айбек Аятбекұлы мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты.

Ішкі саясат
25 августа 2023
«Жасыл ел» еңбек жасақшылары өз жұмысын бастады

Көктал ауылдық округінде «Жасыл ел» еңбек жасақшылары өз жұмысын бастады.
2005 жылдан бері елімізде "Жасыл ел" уақытша маусымдық жұмысқа орналасу жобасы жұмыс істейді. Соған сай барлық аймақта жаз айларында жастарды жұмыспен қамтып, экологияны сақтау шаралары жасалады.
“Жасыл ел” жастардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге көмектеседі. Себебі жастар жазғы демалыста жұмысқа тұрып, өз беттерімен ақша тапқысы келеді. Бірақ көп жағдайда олардың еңбек құқығы сақталмай жатады. Ал мұнда олар еңбек шартын жасасып, заңды түрде қызмет ететіндіктен, бәрі қауіпсіз. Оларды қоғаммен байланыстырып, түрлі акциялар мен тренингтерге қатысуына мүмкіндік беріледі. Жоба барысында "Жасыл ел" еңбек жасақтары ауылды көгалдандырумен қатар, экологиялық семинар тренингтерге, сенбіліктер мен экоакцияларға қатысып,  ауылдағы қарттар мен аз қамтылған отбасыларға да көмек көрсету бағытындағы шараларға да қатысады.

Мәдениет
Ішкі саясат
10 августа 2023
"Ұлы халықтың ұлы Абайы"

10.08.2023 жылы Көктал ауылдық мәдениет үйінде "Ұлы халықтың ұлы Абайы" атты тақырыпта сайыс өтті. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, қара сөздерін талдау, сұрақтарға жауап беру арқылы сайысқа түсті. Мақсаты: Қазақтың ұлы, дана, ойшыл, сазгер ақыны А. Құнанбаевтың мол мұрасын сайыс арқылы насихаттау. Ұлыларымызды құрметтеп, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы