1-қыркүйек – Білім күні

1-қыркүйек – Білім күні

Ә.Ахметов атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры Ламбеков Айбек Аятбекұлы мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты.