
Көктал ауылдық округінде «Жасыл ел» еңбек жасақшылары өз жұмысын бастады.
2005 жылдан бері елімізде "Жасыл ел" уақытша маусымдық жұмысқа орналасу жобасы жұмыс істейді. Соған сай барлық аймақта жаз айларында жастарды жұмыспен қамтып, экологияны сақтау шаралары жасалады.
“Жасыл ел” жастардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге көмектеседі. Себебі жастар жазғы демалыста жұмысқа тұрып, өз беттерімен ақша тапқысы келеді. Бірақ көп жағдайда олардың еңбек құқығы сақталмай жатады. Ал мұнда олар еңбек шартын жасасып, заңды түрде қызмет ететіндіктен, бәрі қауіпсіз. Оларды қоғаммен байланыстырып, түрлі акциялар мен тренингтерге қатысуына мүмкіндік беріледі. Жоба барысында "Жасыл ел" еңбек жасақтары ауылды көгалдандырумен қатар, экологиялық семинар тренингтерге, сенбіліктер мен экоакцияларға қатысып, ауылдағы қарттар мен аз қамтылған отбасыларға да көмек көрсету бағытындағы шараларға да қатысады.